Әйгілі «Grammy» сыйлығы марапатына алғаш рет қазақстандық ұсынылды

25 қараша 2020, 12:28

Қазақстандық Иманбек Зейкеновтің америкалық әнші SAINt JHN-дің "Roses" әніне жазылған ремиксі Grammy сыйлығына ұсынылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Grammy сыйлығын табыстау рәсімі 31 қаңтарда өтеді.

Әнші Фиби Бриджерс пен Ноа Сайрус Grammy-дің "Үздік жаңа орындаушы" номинациясы бойынша музыкалық марапатқа ұсынылды. Сонымен қатар бұл номинация сыйлығына Ингрид Эндресс, Чика (шын аты - Джейн Ораника), Ди-Смоук (Даниэль Фаррис), Додж-Кэт (Амала Дламини), Меган Ти Стэллион (Меган Пит) және канадалық ди-джей Кайтранада (Луи) Celestine). Өткен жолғы марапаттау рәсімінде бұл сыйлыққа Билли Айлиш ие болған еді.