Жұлдызды жаңалықтар

"Айлық үшін келмедім": Нұрлан Әлімжанов депутаттық қызметі туралы айтып берді

  • "Айлық үшін келмедім": Нұрлан Әлімжанов депутаттық қызметі туралы айтып берді

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, актер, парламент мәжілісінің депутаты Нұрлан Әлімжанов қазіргі қызметі туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Еуразия бірінші арнасының "Басты бағдарлама" жобасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/nurlan_alimzhanov_official

Фото: Instagram/nurlan_alimzhanov_official

Халық қалаулысы журналистің "депутат атанғалы қандай жеңілдіктерге ие болдыңыз?" деген сұрағына өз ойын білдірді.

"Қызметке жақын жерде депутаттардың үйі бар. Бірақ ол мәңгілік үй емес. Кейбір жұрттар "Үйге қарқ болды, байып кетті" деп шатасуы мүмкін. Бірақ ондай байып кететін нәрсе емес. Бұл да кәдімгі қызмет бұл да. Мысалы, әскери қызмет сияқты. Мен бес айға депутат болдым ба, онда сол айда ғана тұра аламын. Қызметті босатқан соң, мынаны шешеміз. Ол мемлекеттікі", – деді Әлімжанов.

Сұқбат барысында ол депутат болуға ұмтылмағанын айтып өтті. Одан бөлек, жалақысы туралы да аз-кем ақпаратпен бөлісті.

"500 мың теңгенің ар-жақ бер жағы ғой. Бұрын мемлекеттік қызметте істемегенмін. Сол себепті ол да әсер етеді. Бұл жерге мен айлық үшін келмедім. Несін жасырайын, депутат болмай тұрған кезде бір жерде "әу" деп ән айтып, асаба болып бір күнде алатын айлық. Ал бұл жаңа лауазым, жаңа белес. Осының дәмін татайық. Мендегі осы қызмет арқылы ұлтыма не қызмет көрсете аламын деген мақсат", – деді халық қалаулысы.

Еске сала кетсек, осыған дейін Нұрлан Әлімжанов өзінің депутаттық қызметін тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін ойнаумен байланыстыратын адамдарға қатысты пікір білдірді.

 

 




Көрілген: 148    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.01.2020, 12:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29