Жұлдызды жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева хиджабтағы қыздардың құқығын қорғап, Президентке үндеу жолдады

  • Айнұр Тұрсынбаева хиджабтағы қыздардың құқығын қорғап, Президентке үндеу жолдады

    Айнұр Тұрсынбаева хиджабтағы қыздардың құқығын қорғап, Президентке үндеу жолдады

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Instagram-дағы парақшасында Алматыда өткен феминистер шеруіне қатысты Президент Қасым Жомарт Кемелұлына үндеу жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарттық порталы.

"Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы..! 

Кешеден бері шуылдап жатқан әлеуметтік желідегі жағдайды оқып жатқан боларсыз. Әйелдер ас үйде отыра алмаймыз деп алаңға шығып кетті. Туларын желбіретіп алаңға шыққан феминистердің арасында әйел мен әйелдің төсектес болуына рұқсат сұрап жүргендер де бар екен. Шындығында олар рұқсатсыз-ақ қосылып жатыр. Сонда алаңға айқайлап шығып неге құқығымыз қорғалмады деп шыңғырып жүр??? Онсыз да білгендерін жасап жатқан жоқ па!? Менің айтайым дегенім мүлде басқа әңгіме.

Мен шет елге жиі ұшамын. Ұшып бара жатып та, келе жатып та түрлі кедергіге жиі тап боламын. Жұрттың бәрі емін-еркін өтетін шекарадан мені жеке өткізеді, арнайы формадағы қызметкерлер жеке бөлмега апарып біраз тергеп барып жібереді. Қайта-қайта қайталана берген соң неге бұлай боп жатқанын сұрастырдым. Сөйтсем бәріне “кінәлі” басымдағы ақ жаулығым екен. Мен орамал таққалы қоғамға қауіп тудырып жүр екенмін. Мен бір кездері телевизия саласында жұмыс жасадым. Сол кезде де орамалым үшін қайта-қайта сөз естуге мәжбүр болып, ақыры кетіп тынғанмын.

Орамал таққан қыздардың Қазақстанда жұмысқа кіре алмай шет елге көшіп кетіп жатқанын да білемін", - дейді ол.

"Құрметті Президент!

Қазақстандағы орамалды қыздардың құқығын сіз қорғамасаңыз кім қорғайды?! Олардың ер азаматты аттап өтіп, аттандап алаңға шығуға ұяты жібермейді. Қазақ тарихында елеулі із қалдырған Домалақ ана, Бопай ханшайым, Әлпеш ана, Гаухар ана, Ұлбике, Сара ақындар ақ жаулықтарына адалдық танытып алаштың аналарына айналған жоқ па?! Шаштарын қызыл-жасылға бояп даналықты дәріптеген кім бар?! Алланың әміріне бойұсынып жүрген арулар ертең елдің тұтқасы болар адал ұлдарды дүниеге әкелмей ме?!

Адамның кеудесіне не дін кіреді, не жын кіреді! Қоғамға қайсысы қауіпті?! Біз сіздерге арқа сүйейміз. Кешеден бері инстаграм әнші қыздардың посттарын өшіріп тастап жатыр. Неге?! Себебі қазақ сияқты текті халықтың рухын таптауға әлем қыздарымыз арқылы кірісіп жатыр! "Жатыр өзімдікі" деп жар салғызудың артында қазақты тамырымен құрту саясаты жатыр. Осы мәселе осы күйінде қалмаса екен", - деп жазды айтыскер ақын.

Еске салайық, Алматы қаласында 8 наурыз күні феминистердің рұқсат етілген шеруі өтті. Оған 300 ден аса адам қатысты. Олар қолдарына "Менің тәнім менің ісім", "Менструация кір емес", "Ана болу міндет емес" деген сияқты жазулары бар плакаттар ұстап шықты.




Көрілген: 1083    Пікірлер: 0

жұма, 12.03.2021, 11:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30