Жұлдызды жаңалықтар

"Азғындықты ашық дәріптеп отыр": Депутат Абаевтан "Өз ойым" секілді бағдарламаларды жабуды сұрады

  • "Азғындықты ашық дәріптеп отыр": Депутат Абаевтан "Өз ойым" секілді бағдарламаларды жабуды сұрады



ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Кәрібай Мұсырман Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың атына «азғындықты ашық дәріптейтін телеөнімдерге» қатысы сауал жолдады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 



«Елбасы ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асуын ақпараттық қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Алайда назар аударуымыз керек бірқатар мәселе бар. Кейбір телеарнада ұлттық құндылықтарымызды насихаттамақ түгіл, оларды өрескел бұрмалайтын, тіпті неше түрлі азғындықты ашық дәріптейтін телеөнімдерді көрсету тыйылмай тұр. Осы жөнінде Мәжіліске жан-жақтан келіп түскен хаттар мен басылымдарда жазылып жүрген сын-пікірлер дәлел болып отыр», - деп айтты депутат. 


Мұсырманның  жуырда «7 арна» телеарнасындағы «Өз ойым» атты бағдарламада абыройын ақшаға сататындығын жариялаған қазақ қызының шектен шыққан ұятсыз қылығы және оны осындай рөлді ойнап шығуға үгіттеп көндірген телеарна қызметкерлерінің «атын шығару үшін жер өртеуге» дейін баратын теріс пиғылы жұртшылықтың орынды ашу-ызасын туғызғанын айтты. Осыған орай, ол бірқатар ұсыныстарды қарастыру қажет екеніне тоқталды.  


«Біріншіден, республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асуын ақпараттық қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін кеңінен талқылауды ұйымдастырған жөн. Соның ішінде БАҚ-та ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді, қазақстандық қоғамда қалыптасқан адамгершілік принциптерін қатаң қадағалауды ұсыну қажет. Қажет болса қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылсын», - деді депутат. 


Ол мемлекеттік ақпараттық тапсырма аясында бірқатар мемлекеттік телеарнада Елбасы ұсынған «Туған жер» және «Ауыл – ел бесігі» жобалары кеңінен насихатталмайтынын және насихаттауға арналған тақырыптық бағдарламалар ашу мәселесін қарастыруды сұрады. Депутат сөзінде бюджеттен мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге бөлінетін қаржының жыл өткен сайын артып отырғанын да айта кетті.


 



 

 




Көрілген: 619    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.05.2019, 16:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30