Жұлдызды жаңалықтар

Бақтияр Артаев: Ата-анамның қазасы мені бір күнде есейтті

  • Бақтияр Артаев: Ата-анамның қазасы мені бір күнде есейтті

    Бақтияр Артаев: Ата-анамның қазасы мені бір күнде есейтті

Атақты спортшы ата-анасынан 2012 жылы бір күнде айырылып қалды. Ауыр жол апаты алдымен анасын, араға 2 сағат салып асқар тау әкесін алып кетті. Ойламаған жерден екі тірегінен айрылған Бақтияр өзінің бір күнде есейгенін Еуразия бірінші арнасындағы "Ең алғашқы" бағдарламасында айтып берді.

"Маған жол апаты туралы ағам хабарлады. Естіген бойда денемнен суық тер шықты. Сездім бірдеңе болғанын. 15-20 минут ішінде ағам екеуіміз екі көлікпен апат болған жерге жеттік. Екеуін тауып, көлікпен қалаға әкелдік. Өкінішке орай, анам қайтып кеткен, ал әкем тірі еді. Әкем ауруханаға өз аяғымен кірген. Араға 2 сағат салып, әкем де қайтты. Әкем үнемі анама сен бірінші кеткенше, мен кеткенім дұрыс деп отыратын. Сен кетіп қалсаң, мен қиналып қалам, балаларға қарай алмаймын. Ал мен жоқ болсам, сен балаларға қарай аласың, тәрбие бере аласың дейтін. Ауруханаға өз аяғымен кірген әкем анамды қимай, артынан кетіп отыр. Ата-анамның қазасы мені бір күнде есейтті", - деп ауыр күндерді еске алды спортшы.

 
2012 жылы белгілі спортшы ата-анасымен бірге, қайын атасы мен енесінен де айрылып қалған. Өз сұхбатында Бақтияр Артаев мұндай ауыр қайғыны ешкімнің басына тілемейтінін жеткізді.




Көрілген: 1932    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.02.2021, 15:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28