Жұлдызды жаңалықтар

"Бала-шағаңа тиеді": Азамат Сатыбалды өсекшілер туралы ойын ашық айтты

  • "Бала-шағаңа тиеді": Азамат Сатыбалды өсекшілер туралы ойын ашық айтты

Отандық танымал актер Азамат Сатыбалды өміріндегі ең жек көретін нәрсесі туралы жазба жариялады. Жазуынша, өнер иесіне кейбіреулердің шындыққа жанаспайтын өсек тарататыны мүлдем ұнамайды екен. Ол өз қолмен ұстап, көзімен көрмей сыртынан сөз сөйлеуді күнә деп есептейтінін алға тартып, қауесет шығаратындарға шамданды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/azamatc. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/azamatc. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Азамат Сатыбалды өсекші қауым жайлы бар ойымен Instgaram парақшасында бөлісті. Онда ол өтірік әнгіме айтудың зардабы қандай болатынын да ашып айтқан.

"Өмірдегі ең жек көретін нәрсем - адамның артынан өсек тарату. Жүйелі сөз жүйесін тапса, жүйесіз сөз иесін қабады. Қолмен ұстап, көзіңмен көріп, құлағыңмен естімей сөз айту күнә болып саналады.

Ол өзіңнің басыңа қайтып келеді немесе бала- шағаңа тиеді. Бақытсыздықтың басы осыдан басталса керек. "Бақытқа қайда барасың" десе, "ынтымақ пен бірлікке барамын" деген.

Былапыт сөзбен былғанбай, бақытты болудың жолын іздеген жөн. Кімнің жақсы, кімнің жаман. Кімнің тұлпар, кімнің шабан екенін ұлы емші уақыт көрсетер. Бір Аллаға аманат" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Азамат Сатыбалды театрды тұншықтырып жүргендер жайлы жазып, өнердегі қиыншылдықтарды ашып айтқан болатын.

 

 




Көрілген: 338    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.02.2020, 10:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29