Жұлдызды жаңалықтар

Балғынбек Имашев "Дики Арман" мен Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуіне өлең арнады

  • Балғынбек Имашев

    Балғынбек Имашев "Дики Арман" мен Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуіне өлең арнады

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев Айнұр Тұрсынбаеваның жолдасына өлең арнады. Дубайда қазақ бауырларға дастархан жайған Нұржан Нұржан Иманәлиевті қуанышымен құттықтады.

Балғынбек Имаш өз инстаграм парақшасында:

 
"Нұржанға Жетпейтін қасиетін жырлауға тіл,

Бүгінгі дастарханда бір мән жатыр.

Дубайда қазақ рухын дүбірлеткен,

Думаның құтты болсын, Нұржан батыр!

Ит жалап кетпесін деп ел ырысын,

Намысты байрақ еттің елің үшін.

Алаштың жауға сілтер алдаспаны,

Ақынның құдай қосқан серігісің.

Көкжалмен жолдас болса шын Абадан,

Қаптайды өткізгіштер қыл арадан.

Бағасын білетұғын бір басыңның,

Шын досың артық кейде мың ағадан.

Болғанда бірің &ndash барыс, бірің &ndash арлан,

Әлсіздің қорғаны ғой, інім &ndash Арман!

Жарқырап ақ алмастай болу үшін,

Сынайды қиындықпен құлын Аллам.

Арманның айбатына қосып айбар,

Құя бер рух, намысқа осылай нәр.

Жетім мен жесірлерге пана болып,

Жәннатта пайғамбардың досына айнал!

Басыңа жаумас үшін бәле кенет,

Дұғаңа ықыласты дәнекер ет.

Ешқашан, бір Аллаға серік қоспай,

Әрқашан тек Аллаға Тәуекел ет.

Жарыңа жақсылықты жиі нұсқап,

Жаныңа сүйіктіңнен сүйініш тап.

Аққуын Айтысымның аялап өт,

Ақ туын ақиқаттың биік ұстап!

Рахманнан жұбайларға не тілейін?

Жасауға сырттай дұға бекінейін&hellip

Екеуін тату ет деп жалбарынып,

Айыбын ғафу ет деп өтінейін.

Тағдырға әр кез сабыр ете білген,

Пенденің дәрежесі көтерілген.

Алаштың ұлы болып өмір сүр де,

Алланың құлы болып өт өмірден!

Өзіңнен Алланы артық сүй, бәрін бер,

Адамды тірі күнде сыйлап үлгер.

Әлемде одан асқан бай болмаған,

Жұтыпты Қарынбайдың жиғанын жер.

Үлгі етсін кірлемейтін иманыңды ел,

Ел үшін керек болса қи жаныңды, Ер!

Анаңды разы қылып Ақыретте,

Алланың Мінсіз, Сұлу дидарын көр!&rdquo &ndash деп ақын тілегін арнады.


Балғынбек Имашев Айнұр Тұрсынбаеваға: Күйеуің сенің жылан екеніңді білмей жүр

Айнұр Тұрсынбаева: Күйеуімнің мінезі жаман, таяқ жеп қалам ба деп қорқамын

Желі қолданушылары өлеңнің шебер жазылғанын айтып, ақ тілегін жазып жатыр.

"Неткен әдемі өлең", "Бұлар неғып жүр Дубайда? Неге Қазақстанға келмейді?", "Алтын басты ақсақалды аға әуелі өмірге келген бөбектің бауы берік болсын, дені сау қолғанатыңыз болып жүре берсін. Алла жаныңызға жамандық бермесін тек биік тұлға болып мәңгі елдің жүрегінде жүріңіз", "Айнұржан бақытты болсын Нұржанымен! Нұржанның туған күні құтты болсын!", "Өлең керемет! Бірақ бұл жігітті Айнұрдың жары ретінде ғана танимыз. Сіздің айтуыңызша, қазақтың намысын қорғап жүр екен", деп жазды олар.




Көрілген: 1445    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.01.2021, 21:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31