Жұлдызды жаңалықтар

«Белден төмен тақырыптарға толып кетіпті»: Ерке Есмахан телевизия саласына көңілі толмайтынын айтты

  • «Белден төмен тақырыптарға толып кетіпті»: Ерке Есмахан телевизия саласына көңілі толмайтынын айтты

    «Белден төмен тақырыптарға толып кетіпті»: Ерке Есмахан телевизия саласына көңілі толмайтынын айтты

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан бүгінгі күні әлеуметтік желілер мен телевизия саласына көңілі мүлдем толмай жүргенін ашық айтты. Өнер иесінің сөзінше, онда қазір тек белден төмен тақырыптар ғана көтерілетін болған деп жазады kaz.nur.kz.

Ерке Есмахан желілер мен телевизияға қатысты өз наразылығын Instagram парақшасы арқылы жеткізген.

Эстрада жұлдызы азулы жазба жариялап, көңілі не себепті толмай жүргенін түсіндіріп өтті. Өнер иесі телевизияда арзан тақырыптар көтерілетін болғанына, ал әлеуметтік желілерде отыратындардың алып-қашпа әңгімелерге жақын болып кеткеніне шүйліккен.

"Қалайсыздар достар? Жақында TV көре қойып едім. Теледидардағы контент анадай боп кетіпті ғой, иә? Сұраныс белден төмен тақырыптарға ғана ма? Таңқалдым! Балалардың пайдалы нәрсені ютубтан тауып қарайтындары қандай жақсы?! Әттең, тек орысша! Ал әлеуметтік желіде тек мінсіз адамдар, біреудің отбасын талқыға салу, ақыл айту. Жақсы болуды әркім өзінен бастаса ғой. Жалпы теледидар қарайсыздар ма, әлде инста жақынырақ па? Сіздердің пікірлеріңіз қандай? Түсінгім келеді" , - деп жазды Ерке Есмахан.

Әншінің бұл тұжырымымен оның желідегі оқырмандары келісіп, оған өз қолдауын білдірген.

"Қазіргі өсек, тек төсек жайлы болдығой. Кімнің кіммен жүргені қызық болдығой қазіргі заманда", "Теледидар қарамаймын әркім өмірі әр қалай тек өзіңіз жақындарымыз үшін өмір сүріп жүрміз. Біреумен шаруам жоқ" , "Сізді толықтай қолдаймын. Айтқаныңызбен келісемін" , - деп жазуда көпшілік. 

https://www.instagram.com/erke_esmahan/?utm_source=ig_embed




Көрілген: 2285    Пікірлер: 0

жұма, 12.02.2021, 11:08

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31