Жұлдызды жаңалықтар

Билет сатылып жатыр: танымал әртістердің концертіне тыйым салынуы мүмкін бе

  • Билет сатылып жатыр: танымал әртістердің концертіне тыйым салынуы мүмкін бе

    Билет сатылып жатыр: танымал әртістердің концертіне тыйым салынуы мүмкін бе

Билет сататын сайттарда алдағы айлары елорда мен Алматыда Скриптонит, Emin, "Нервы" тобы және тағы басқа әртістердің концерттері өтетіні көрсетілген
Қазақстанда танымал әнші-әртістердің концерттеріне билет сатудың заңдылығы тексеріледі. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Эпидемиологиялық жағдайға арналған онлайн баспасөз мәслихаты барысында журналистер Қазақстанда ірі концерттерге билет сатуға неге рұқсат берілгенін сұрады. Әртістер жүздеген көрерменге арналған стадиондарда өнер көрсетпек.

"Бұған қатысты жеке тергеу жүргіземіз. Бірақ, жалпы, "жасыл" аймақта концерт залдары мен театрларда залды 30 процентке ғана толтырып, барлық санитарлық талапты сақтап, шаралар өткізуге рұқсат етілген. Ал "сары" аймақта концерт залдары, театрлар мен кинотеатрларда көрермендер саны 20%-тен аспауға тиіс. Бұл параметрлер республика деңгейінде шыққан қаулы негізінде енгізілді", - деді Қиясов. 
Ол қазіргі таңда үлкен іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанын атап өтті.

"Сіз айтқан фактілер бойынша толық ақпарат сұратып, әр деректі жеке-жеке қараймыз. Қаншалықты заңбұзушылық болғанын анықтаймыз. Бәлкім, билет сату келісілмеген шығар. Билеттер Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары "жасыл" аймақта тұрған кезеңде сатылған болуы мүмкін. Дәл қазіргі таңда бұл шараларды өткізуге тыйым салынған", - деді вице-министр. 

Айта кетсек, билет сататын сайттарда алдағы айлары елорда мен Алматыда Скриптонит, Emin, "Нервы" тобы және тағы басқа әртістердің концерттері өтетіні көрсетілген.
 




Көрілген: 1699    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.03.2021, 22:26

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30