Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Білдей бір театрды басқаратын Сәбит Әбдіқалықов мемлекеттік марапатқа ие болды

19 желтоқсан 2017, 10:40

Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры, бірнеше жобалардың продюсері əрі режиссер Сəбит Əбдіқалықов "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Білдей бір театрды басқаратын Сәбит Әбдіқалықов мемлекеттік марапатқа ие болды

Сәбит Әбдіқалықов. Фото: instagram

Бұл туралы аталмыш театрдың əлеуметтік желілердегі парақшасында белгілі болды.

"Бүгін Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Сəбит Əбдіқалықов Əдімүтəліұлы "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын алды.

Театрымызға басшы болып сайланған уақыттан бері өзі басқаратын ұжымды тек қана өрге сүйреп, биіктерден көрсете білген Сəбит Əбдімүтəліұлын тағы бір белесті бағындыруымен шын жүректен құттықтаймыз!

Театр өнерімен қоса кино саласында да еңбек етіп, ел мен жердің абыройын арқалап жүрген азамат қандай құрметке де лайық деп білеміз", - деп жазады театр баспасөз қызметі.

Аталмыш мапаратты театр директорына Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы табыстаған.

Білдей бір театрды басқаратын Сәбит Әбдіқалықов мемлекеттік марапатқа ие болды

Сәбит Әбдіқалықовтың марапатталу сәті. Фото: instagram