Жұлдызды жаңалықтар

Бір ұрып жағын сындырдым: Ерғали Әбдірайымов Еркін Нұржановтың "Жігіттер" тобынан не себепті кеткенін айтты

  • Бір ұрып жағын сындырдым: Ерғали Әбдірайымов Еркін Нұржановтың

    Бір ұрып жағын сындырдым: Ерғали Әбдірайымов Еркін Нұржановтың "Жігіттер" тобынан не себепті кеткенін айтты

"Жігіттер" тобының продюсері Ерғали Әбдірайымов Еркін Нұржановпен болған арадағы жандалды айтты. Еркіннің бір кездері топтан не себепті кеткенін болжады. Продюсер жігіттерді тәрбиелеу үшін жұдырықтап ұратынын да жасырмады. 

Бұл туралы "Опмай-опмай" бағдарламасында айтылды.

 Ерғали Әбдірайымов "Жігіттерді" пысықтау үшін, тасып кетсе, қайта өз орнына қою үшін түрлі амал-тәсілдер жасайтынын айтты. Сөзбен жеткізе алмаған сәтте, шапалақпен не жұдырықпен ұратынын жасырмайды. Бұның жігіттердің өзі де мойындады. Алайда аға мен інілердің арасында ол үшінешқандай өкпе, реніш жоқ. 

"Жігіттер маған бала кезінде келді. Мен  олардың әкесі секілдімін. Мен оларды аманат етіп алған соң әрбір ісіне жауапты болдым. Әншілігінен бөлек, басқа жағдайда не болып жатқанын білуім керек болды. Әке балаларын, аға інілерін тәрбиелейді. Ұрсады, ұрады. Ол үшін ешкім ренжімейді. Бізде де дәл солай. ЖАс кездерінде шапалақ деген уақыттары да болды. Ол ұрайын деп емес, тәрбиелеу мақсатында болды. Жұлдыз ауруына шалдыға жаздаған әншілерді орнына қою үшін, асып-тасып бара жатса, түсіндіру үшін керек болды. Менің қоластымда қанша әнші болды. Жеке дара кеткендері де бар. Оның бәрін әнші етіп, танымал етіп, үйлендіріп, қолын ауыздарына жеткізіп бердім. Қамқор болдым", - деді продюсер. 

Бағлан Әбдірайымов бір кездері продсюсердің таяғын жегенін мойындайды. Одан ешқандай кемшілік көрмейді. 

"Бізді ұратын да, ұрсатын да. Ол үшін ренжіп, теріс айналған жоқпыз. Себебі ағамыз, әкеміз секілді адам. Бізді піссін, тура жолда болсын, асып-тасымасыз, жолдан таймасын деп ұрды. Әрқайсысымыз шапалақ жегенбіз. Онда тұрған ешнәрсе жоқ", - деді әнші. 

Ерғали Әбдірайымов Еркін Нұржановты да ұрып, жағын сындырғанын айтады. Бұл туралы кітабында жазған екен. Продюсер көпшілікті қызықтырған сұрақтың шет-жағасын айтты.

"Еркінді де ұрамын деп жағын сындырып қойдым. Ол кезде ағалық тәрбие мақсатында ұрдым. Жағын сындырайын деген жоқпын. Мүмкін оның топтан қаша бастауының да себебі сол шығар. Кейін қашқақтай бастады. Мен оны әнші қылдым. Осындай күнге жеткізгенде ол тастап кеткендей болды. Алматыға келгенде қап-қара, үстінде жаман-жаман киімі бар бала еді. Енді оны ел танитындай әнші болды. Қолы аузына жеткенде тастап кетіп бара жатырсың деп ұрыстым. Баққан бала әке-шешесінен теріс айналғанмен тең. Мен солай қабылдадым. Кітабымды осының бәрін жаздым. Еркіннің топтан не үшін кеткенін де жаздым. Басқа да қызықтар бар", - деді Әбдірайымов. 




Көрілген: 1916    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.03.2021, 14:28

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31