Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Бірнеше рет бардым»: Ләйлә Сұлтанқызы ЭКҰ көмегіне жүгінгенін ашық айтты

06 маусым 2022, 13:08

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы тағы да балалы болғысы келетінін айтты. БАҚ өкілі сәби сүю үшін арнайы ЭКҰ орталыққа да бірнеше мәрте жүгінгенін растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ләйлә Сұлтанқызы бұл туралы өзінің Instagram парақшасында айтып берді. Ол болашақта тағы да ана бақытын сезінгісі келетінін жасырмады. Тележүргізуші бүгінде бала көтере алмай жүрген келіншектерге барынша көмектесуге тырысып жүр. Ол әйелдер қауымына ЭКҰ-ды насихаттап, оны тегін жасатуға септігін тигізуде.  

«Екі сызық. ЭКҰ орталыққа бір үмітпен өзім де бірнеше рет барғанымды жасырмаймын. Жаратқан тағы бір рет ана атану бақытын сыйласа, қуана қабылдар ем. Бірақ бұл пост мен туралы емес. Біраз уақыттан бері төрт әйелдің эко жасатуына себепші болып, апта сайын орталық есігін тоздырып жүргенімді жақсы білесіздер. Олар туралы әр видео жариялаған сайын басқа әйелдерден де мың түрлі хат келеді. Бәрінің арманы бір – ана атану.

ЭКҰ арзан дүние емес, оны жасатып алып, «бала бітеді» деп ешкім кепілдік те бере алмайды. Бәрі бір Алланың қалауымен. Бірақ сонда да, жақсыдан қашан да үміттіміз ғой. Кеше сол төрт қатысушының бірінде екі сызық шықты деген хабарлама келді. Өзім көтергендей қуанғаным-ай. Одан бөлек, тағы бір жаңалық. Қосымша екі әйелге тегін эко жасатуға инвестор табылды», - деп бөлісті Сұлтанқызы.