Жұлдызды жаңалықтар

Бұрын үйімді көрсетуге ұялып, журналистерді басқа үйлерге шақыратынмын: Роза Әлқожа үйін көрсетті

  • Бұрын үйімді көрсетуге ұялып, журналистерді басқа үйлерге шақыратынмын: Роза Әлқожа үйін көрсетті

    Бұрын үйімді көрсетуге ұялып, журналистерді басқа үйлерге шақыратынмын: Роза Әлқожа үйін көрсетті

Роза Әлқожа 16 жыл тұрған үйін көрсетті. Әнші көпшіліктен жасырып келген баспанасын енді ашық жария етті. Әнші журналистер қауымынан қымсынып, сұхбат алуға келгенде басқа үйге шақырып жүрсе керек. Енді ешнәрсе жасырмайды.

"Бұрын үйімді көрсетуге ұялып, журналистерді басқа үйлерге шақырып әуре болушы ем. Сөйтсем, Алланың берген несібесіне шүкір ету керек екен. Өзің биік болсаң, үйдің аласа болғаны ештеңе етпейді. Биік үйден аласа оймен шыққан ұят. Гүлнәр Салықбай "Аласа үйден шықты биік шағы ұлып..." демей ме? Үйіңнің берекесі бала-шағаң. Отбасыларыңыз аман болсын! Біздің 16 жылдан бері тұрып келген баспанамыз осы", - деп жазды әнші желідегі парақшасында

 

Бұған желі қолданушылары түрлі пікір жазды. Бірі әншінің қарапайымдылығын сөз етті, бірі үйдің әдемі екенін жазды. Осы үйден дәм тартқан жандар да табылды. 

"Құтты шаңырақ қой, берекесі арта берсін. Буындарың қатпаған кезде, арманшыл жаста, уайым аз, үміт пен қайрат мол кезде қол ұстасып жүріп қалқайтқан қара шаңырақтарың ғой. Сыйған адамдарымен өлшегенде, бұдан кең үй жоқ, Алматыда. Бігінгі мега жұлдыз Жапок ұйқысы шала бала болып түске дейін ұйықтап жататын үй. Дастарханы жаюлы, төсегі салулы осы үйдің төріне кім шықпады десеңші",- деп жазды Бейбіт Сарыбай. 

"Өте қарапайымсыз. Дүниеқұмар болып бәсекелесіп керек емес. Ең бастысы іші бақ пен берекеге толы болсын", "Керемет. Үйдің биік аласа екені маңызды емес, тек бақыттың шамы жағылса болғаны. Бақыттарыңыздың шамы мәңгі жарқырасын", "Жүрек таза, сезім шын, көңіліңдегін жарты сөзіңнен ұғатын жан болса сонің өзі үлкееееен бақыт", - деп жұбатты желідегілер.

 

 




Көрілген: 1255    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.04.2020, 09:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30