«Дәрігерлер қуығымды жарып жіберді»: Ардақ Балажанованың шашы қайғыдан бір айдың ішінде ағарып кеткен
Белгілі әнші Ардақ Балажан үшінші сәбиін босанғанда бір өлімнен аман қалған. Оның қуығын дәрігерлер жарып жіберіп, ота үстелінде таңнан кешке дейін жатқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оған дәрігерлер қуығының жұқарып кеткенін және әртүрлі себептер айтқан. Бірақ сол сәттерде әншінің стресстен маңдай шашы ағарып кеткен екен.
«Мен дәрігерлерден «мен өлмеймін бе» енді десем ондай қауіп жоқ екенін айтты. Содан кейін «ешкімнен де көрмеймін, аман-есен шығайыншы» деп ауруханадан шыққанша шыдадым. Бірақ сондай уақыттарда адам стресс алады екен. Маңдай шашым бір айдың ішінде ағарып кетті. Әрине қазір күтімнің арқасында ол кетті. Ол кезде жасым 33-34-ке аяқ басқан. Әрине өзіме келу оңай болған жоқ», – дейді Ардақ Балажанова.