Жұлдызды жаңалықтар

Димаш: Еліміздегі барлық дәрігерлердің айлығы көтерілсе жақсы болар еді

  • Димаш: Еліміздегі барлық дәрігерлердің айлығы көтерілсе жақсы болар еді

    Димаш: Еліміздегі барлық дәрігерлердің айлығы көтерілсе жақсы болар еді

Отандық әнші Димаш Құдайберген басын қатерге тігіп, коронавирус дертімен ауырғандарды емдеп жатқан мдициналық қызметкерлерге алғыс айтты. Сондай-ақ, өнер иесі дәрігерлердің жалақысы көтерілсе деген тілегін де жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Димаш Құдайбергеннің жеке парақшасы, NUR.KZ

Фото: Димаш Құдайбергеннің жеке парақшасы, NUR.KZ

Бұл туралы әнші Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жазды.

"Өзге адамдарға көмектесу үшін басын қатерге тігіп жатқан медициналық қызметкерлерге шын көңілден алғыс айтқым келеді. Кеше Қазақстанда екі адам коронавирустан емделгені туралы жаңалық оқыдым. Қазақстандағы және әлемдегі барлық дәрігерлерге басымды иемін.
Әншілер мен кино жұлдыздары әрдайым қошеметке ие болады, бірақ менің көзқарасым бойынша – дәрігерлер одан да зор құрметке лайықты. Еліміздегі барлық дәрігердің айлығы көтерілсе жақсы болар еді", - дейді Димаш Құдайберген.

26 наурыздағы жағдай бойынша, елімізде COVID-19 коронавирустық инфекциясы 88 адамнан анықталып отыр.

Бүгін олардың екеуі сауығып, ауруханадан шығады.

 
 

Еске сала кетсек, осыған дейін коронавирус пандемиясына байланысты еліміздегі кейбір дәрігерлердің жалақысы көтерілетін жазған болатынбыз.

 

 




Көрілген: 493    Пікірлер: 0

жұма, 27.03.2020, 09:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30