Жұлдызды жаңалықтар

Димаш Құдайбергенге тамақ жасап берген 17 жастағы даяшыға орыс тілін білмегені үшін айыппұл салынды

  • Димаш Құдайбергенге тамақ жасап берген 17 жастағы даяшыға орыс тілін білмегені үшін айыппұл салынды

    Димаш Құдайбергенге тамақ жасап берген 17 жастағы даяшыға орыс тілін білмегені үшін айыппұл салынды

Журналист танымал әнші Димаш Құдайбергенге тамақ әзірлеп берген 17 жастағы қазақ бас-аспазшы туралы әңгімесін айтып берді. Оның сөзінше, тамақтану орнында жұмыс істейтін аспазшға орыс тілін білмегені үшін айыппұл салған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы журналист Марғұлан Ақан Facebook-тегі парақшасында жазды. 

"Сағат кешкі 8 шамасында жұмыстан шығып, тамақтануға бардым. Жетіп келген даяшы бірден «қазақша тапсырыс бересіздер ме, орыс тіліне тілім келмейтін еді» деді. Ойланбастан қолын алып тұрып «әрине» деп, күнде жей бермейтін тамақтан екеуін бір-ақ бердім. Тамақтанып болған соң шығып кеттім. Өзі көңілді жігіт екен.

Қазір ғана сағат 23:30-да үй жақтаға супермаркеттен шығып, есік алдында отыр ем, бағанағы даяшы жігіт амандаса қалды. Жұмыстан енді қайтқан беті екен. Көңіл күйі жоқ.

- Не болды?
- 6 000 теңге штраф алдым.
- Не үшін?
- Орыс тілін білмей, клиентке қазақша жауап бергенім үшін, - деді.

Далада отырып ызаланып аласың, одан ары не істей алатын едік ең ақыры...

Не керек, шағын әңгіме 16 минутқа созылды (сағатқа көзім түскен).

Рамазан есімді жігіт. 17 жаста. Тамақтың түр-түрін істейді. Шеф-повар болып жүрген жерінен жасымен ұсталып, айлығын ала алмаған. Қысқасы, жасы жетпеген соң бірнеше рет ақшасыз қалған.

Түркістан қаласының тумасы. Әкесі жоқ. Анасын алып Алматыға көшіп келген. Асыраушысы осы. Үйде бес жігіт. Алдыңғы екі ағасына шаң жуытпайды, бірақ реніші бар секілді.

Димаш Құдайбергеннің өзіне тамақ жасап бергем деп отыр. Тек әр қарай көтеріліп, жұмысқа орналасып кетуіне жасы жетпей жатыр. Ал оқуға түсем деген арманын білім жетпеген соң, сүріндірген секілді.

Қайда тұрасың деп едім, төмен жақты көрсетіп, бір сағаттық жол деді. Таксиге ақша берейін деп едім, жаяу қайтамын, жол бойы тамақ рецептерін ойластырып барамын дейді. Жай ғана қоштастық.

Іштей ыза мен разы болған қос күйім арпалысып қалып қойды. Тіл үшін сүрініп, тірлік үшін жан беріп жүрген 17 жастағы Рамазанға құдай қуат берсін!

Ал штраф ақшасын толық бере алмасам да, ертең сол жерге тағы барып, тамаққа тапсырып беріп, қолына "рақметін" ұстатып кетейін деп тұрмын. Қазақтан шыққан әлемдік аспаз болар, кім білсін...", - деді желі қолданушысы.

 

 




Көрілген: 5418    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.09.2020, 01:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30