Жұлдызды жаңалықтар

Димаш пен Тасмағамбетов коронавирус жұқтырған әншімен бір кеште болған

  • Димаш пен Тасмағамбетов коронавирус жұқтырған әншімен бір кеште болған

    Димаш пен Тасмағамбетов коронавирус жұқтырған әншімен бір кеште болған

Әлеуметтік желілерде Қазақстанның РФ-дағы бұрынғы елшісі Иманғали Тасмағамбетов, әнші Димаш Құдайберген және коронавирус жұқтырған Лев Лещенконың бір кеште болғанын дәлелдейтін видеолар тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, олардың барлығы ресейлік композитор Игорь Крутойдың әпкесінің мерейтойына арналған кеште бас қосқан. Әлеуметтік желілерде тараған видеода кештен фрагменттер көрсетілген.

 

Өзінің сұхбатында композитор Игорь Крутой әпкесінің алпыс жас туған күніне бес миллион рубльден астам қаражат жұмсағанын айтты.

Кейіннен ресейлік жүргізуші Ксения Собчак жақында ғана коронавирус инфекциясы анықталған Лев Лещенконың аталған кеште болғанын мәлімдеді.

"Барлығы Лещенкодан Крутойдың әпкесінің туған күнінде жұқтырды", - деп жазды Собчак өзінің Telegram арнасында. 

Оның пікірінше, іс-шараға келгендердің барлығы өз денсаулығы мен жағдайына сақ болу керек.

Айта кетейік, кеш қонақтарының арасында ресейлік шоу-бизнестің өкілдері көп.

Бұл кешке композитор Игорь Николаев та қатысқан деген болжам бар. Ол 26наурызда коронавирус жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған.

Сондай-ақ, Алла Крутойдың мерейтойында әншілер Олег Газманов, Валерий Леонтьев, Александр Розенбаум, әншілер Ани Лорак пен Алсу, Николай Басков, Александр Серов та болған.

Mash Telegram-арнасының мәліметінше, Лев Лещенко бұрынғысынша Коммунарканың жан сақтау бөлімінде жатыр, бірақ өзін әлдеқайда жақсы сезінеді. Бір-екі күнде әдеттегі палатаға ауыстырылады. Онда Лещенко әйелімен емін жалғастырады.

Еске сала кетейік, Лещенко өкпенің қабынуы диагнозымен қабылданды, кейіннен жағдайы одан әрі нашарлаған, өкпенің ісінуі дамыды. Әнші ауыр жағдайда реанимацияға ауыстырылды, одан коронавирус анықталды. Дереккөз мәліметтері бойынша, вирус Лещенкода екі жақты пневмонияны тудырған.

 

 

 

 




Көрілген: 365    Пікірлер: 0

сенбі, 28.03.2020, 12:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31