Жұлдызды жаңалықтар

Димаштың әкесі ұлының желіде тараған суреттеріне қатысты түсініктеме берді

  • Димаштың әкесі ұлының желіде тараған суреттеріне қатысты түсініктеме берді

    Димаштың әкесі ұлының желіде тараған суреттеріне қатысты түсініктеме берді

Әлеуметтік желілерде Димаштың суретін қолданып, түрлі партияларға дауыс беруге "үндеу жасап" жүрген суреттері таралып жатыр
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі &ndash Қанат Айтбаев ұлының түрлі партияларға дауыс беруге "үндейтін" суреттеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Әлеуметтік желілерде Димаштың суретін қолданып, түрлі партияларға дауыс беруге "үндеу жасап" жүрген суреттері таратылып жүр екен. Халықаралық келісімшарттарымызға сәйкес және өмірлік ұстанымы бойынша ол ешқандай саяси науқанға қатыспайды. Танымал тұлғаның суреті мен есімін заңсыз қолдануға болмайды!", - деп жазды Айтбаев. 

Осы жазбаға қатысты бірнеше сағат ішінде жүздеген пікір жазылды. Халық Димашты саясаттан аулақ ұстау қажеттігін жазып, әкесіне алдын ала ескерткені үшін алғыс жазып жатыр. Димаштың суретін үгіт-насихат үшін пайдаланған партияларды көргенін де жеткізді.

Мәжіліс пен мәслихаттарға қанша депутат сайланады
10 қаңтарда мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы өтеді. Халық партиялық тізім бойынша дауыс береді. Ал кандидаттардың тізімін партия әзірлейді. Осы жолы сайлауға бес саяси ұйым түседі. Олар: 

Nur Otan;
"Ақ жол" партиясы;
Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы Коммунистер партиясы);
"Ауыл" партиясы;
"Адал" партиясы (бұрынғы "Бірлік" партиясы).
Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, алдағы сайлауда 216 мәслихатқа 3 276 депутат сайланады. Соның ішінде республикалық маңызы бар қалалар мен астананың мәслихаттары (589 мандат), 36 облыстық мәслихаттар (596) және 163 аудандық мәслихаттар (2 091 мандат) бар. Мәжілістің 98 депутаты да партиялық тізім бойынша сайланады. Бұдан бөлек, тағы 9 депутат Қазақстан халқы ассамблеясының атынан мәжіліске келеді.
 
 




Көрілген: 3605    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.01.2021, 11:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30