Жұлдызды жаңалықтар

Дина Төлепберген өзінің орнына келген жаңа жүргізушіні таныстырды

  • Дина Төлепберген өзінің орнына келген жаңа жүргізушіні таныстырды

    Дина Төлепберген өзінің орнына келген жаңа жүргізушіні таныстырды

Көпшіліктің сүйіктісіне айналған бағдарлама тізгіншісі Дина Төлепбергеннің орнына өзге жүргізуші келді. Бұл туралы Дина ханымның өзі айтты.

"Астарлы ақиқатта жаңа жүргізуші. Бұл &ndash Руслан Өтепбай. Руслан менің командама осыдан үш жыл бұрын келіп еді. Ол кезде Астарлы ақиқатты ток-шоу форматына трансформациялап жаттық. Жігерлі команда жинау мақсатында кастинг жариялаған болатынмын. Сөйтіп, сан үміткердің арасынан редактор болуға қабілеті бар деген 20-25 тей адамды іріктеп алдым. 2 апталық сынаққа шақырдым. Өтсе, жұмыста қалады.

 
Ақиқатын айтсам, мен үшін де өмірімдегі ең қызық кезеңдердің бірі осы болған сірә. Оқыту, үйрету, бақылау, адамдарды тану барысы. Қайнаған жұмыс. Бір-бірінен басып озар жобалар. Кезек таңдауға келгенде ұзақ ойланғаным рас. Көпшілік менің шешіміме сол кезде таң қалған еді. Өйткені телевизиямен байланысы болмаған кей жандар жұмысқа қабылданды.

Шынын айтсам, кандидаттан қателеспеу үшін мен ең алдымен ӨЗІМЕ үш сұрақ қойдым:

1. Мен осы адаммен алдағы уақытта тамсанамын ба? Өзім үйретіп қана қоймай, үйренерім бар адамдармен жұмыс істеуді армандадым.

2. Осы адам менің командамның өсуіне ықпал ете ме? Меніңше, біз энтропиямен күресіп, ұдайы өсуіміз керек.

3. Бұл адам &ndash супержұлдыз ба? Джефф Безос айтпақшы, тек лидерлер ғана басқаша ойлайды.

Стандарттарға сай емес, бірақ менің үш сұрағыма жауап берген жанның бірі - Руслан еді. Осы уақытқа дейін ол кадр сыртында аянбай еңбектенді. Енді, кадрға кіретін салтанатты сәт! Қадамың құтты болсын, Рус! Дүйсенбідегі дебютті бірге көрейік!", - деп жазды Төлепберген.

Жаңа жүргізуші Дина ханымға жауап жазып, алғысын айтты.

"Алты Алаштың батасын алған батыл жаннан мұндай мақтау есту бір ғанибет. Маған берген сәт пен мүмкіндік үшін рақмет, Дина әпке!", - деп жазды ол.




Көрілген: 1930    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.12.2020, 12:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30