Динара Қырықбаева: Бір жігіт соңымнан аңдып, менімен танысқысы келді

11 наурыз 2022, 16:55

Динара Қырықбаева 10 жыл бойы сахнадан не себепті көрінбей кеткенін айтты. Әнші бар уақытын отбасы мен жеке жұмыстарына арнаған. Әншілікті тек хобби деп қабылдайтын ол жоспарларын бөлісті.

Бұл туралы “Түнгі хабар” бағдарламасында айтылды. 

Динара Қырықбаева 10 жыл бойы өнерден алыстап кетті. Репертуарындағы әндердің өзі ескі әндер екенін мойындайды. Алдағы уақытта жаңа әндер жазып, тыңдарманын қуантпақ. 

“Мен бар уақытымды отбасыма арнадым. Бекер жүрген жоқпын. Үш бала тәрбиелеп отырмын. Жеке кәсіптерім бар. Аллаға шүкір. Мен өзімді әншімін деп есептемеймін. Әншілікті хобби секілді алып жүргенмін. Сондықтан өнерден кеттім. Блогерлікті қолға алдым. Бірақ жақында жаңа әндер жаздырсам ба деген ”, –дейді әнші. 

Динара желі арқылы жақсы табыс тауып отырғанын мойындайды. Алайда оның көлемін көпшілікке хабарлаудан бас тартты. 

“Қазір желіні қолға алғаннын бәрі жақсы ақша тауып жатыр деп ойлаймын. Себебі, жарнамадан ақша түседі. Оны бәрі біледі. Менің арнайы кестем бар. Бұған жұмыс деп қараймын. Арнайы уақыт бөлемін. Бұрын қайда жүргенімнің бәрін көрсетім отыратынмын. Қазір уақытты жасырып қоямын”, – дейді ол.

Әнші тікелей эфир арқылы түрлі қызықты жайттар болғанын жасырмайды. 

“Бір күні таңертең жүгіріп келе жатсам, бір жігіт соңымнан қалмайды. Динара деп айқайлап, соңымнан ерді. Менімен таныспақ. Мені желі арқылы бақылап отырады екен. Солай қайда жүргенімді біліп алыпты. Кейіннен желіг бәрін көрсете бермейтін болдым. Қорқып қалдым”, – дейді ол.