Жұлдызды жаңалықтар

Динара Сұлтан алтыншы баласының жынысын анықтады

  • Динара Сұлтан алтыншы баласының жынысын анықтады

    Динара Сұлтан алтыншы баласының жынысын анықтады

Көп балалы ана Динара Сұлтан алтыншы сәбиінің жынысын анықтап, есімін де таңдаудың қамына кіріскен, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

 Отандық шоу-бизнесте Динараның алар орны ерек. Оның өнермен қатар, жеке өмірінде де жолы болған жан. Сахнада сәні мен әні үйлесім тапса, отбасында көп балалы ана! Ел демографиясына барынша үлес қосуды қалайтын Сұлтанның қазіргі таңда алтыншы перзентіне аяғы ауыр. Әнші бикеш әр жүктілігінің жеңіл өтетінін айтады. Бар құпияның сыры –салауатты өмір салты мен шығармашылыққа деген құштарлық!
«Аллаға шүкір, бәрі жақсы! Мен негізінде аяғым ауыр кезде жеңіл жүремін. Соған үлкен рахмет. Өйткені, менің отырмайтыныма байланысты шығар. Жатпаймын, отырмаймын. Жатып, отырып қалсам тұрмай қалатын сияқтымын. Бір ауырсаң деген сияқты… Спортпен әлі шұғылданамын, тауға барамын, жаяу жүремін, әнді де айтамын, концерттерге де шығып жүрмін мүмкіндігімше», -деді Динара.
Сұлтанның үш бұрымдысы пен қос ұлы бар! Алғашқыда қыздары қатар дүниеге келгенде, әулетке атұстардың керектігін жиі ойлайтын. Араға жылдар салып, әнші екі батырға өмір сыйлаған. Ал, қазір баланың жынысын ойлап бас қатырмайтын болыпты.

«Шыны керек, мен жынысын көп қарай бермеймін. Өйткені, маған сыйлық сияқты болу керек. Үшінші қызымды дүниеге әкелген кезде ұл деп ойладым. Құдайға шүкір, қызымызды дүниеге әкелдік. Содан кейін қарамайтын болдым. Өйткені, сенбеймін деп айта алмаймын, бірақ сыйлық болу керек. Сондықтан, білмеймін. Бірақ көбі ішің үлкен емес, ұлға ұқсайды екен дейді. Енді менде Аллаға шүкір ұл да бар, қыз да бар. Ең бастысы дені сау бала дүниеге келсе, сол маған арман!» – дейді көп балалы ана.
Сүрая, Сара, Иман және Мұса мен Мәди! Динараның ұл-қыздары кішкентай бауырларын тағатсыздана тосып жүр. Тіпті, бөбекке есім таңдауда білек сыбана кіріскен көрінеді. Бүгінде түрлі нұсқаларды ұсынған балақайлардың өтініші ескеріледі. Бірақ соңғы шешімді отағасы шығарады екен.
«Әр қызым өзі есімін қойғысы келеді. Біреуі мультфильмнен алады, біреуі басқа әртістің, жұлдыздың атын қойғысы келеді. Сондықтан, үшеуінде үш есім. Негізінде бізде есімін қоятын өзіміздің әкеміз. Енді көреміз», – дейді Динара Сұлтан.

Динара декреттік демалыста ұзақ уақыт отыруға құлықты емес. Әншінің айтуынша, ақ халаттылар бикештің босанар уақытын көктем мезгіліне белгілепті. Аяқ қолын баурына басқан соң, бірден шоу-бизнестің қайнаған ортасына қайта оралуды көздеп отыр. Өйткені, өнер иесінің шығармашылыққа құрған жоспары шаш етектен!
«Жаңа жылда менде қайтадан жаңа жоба. Жаңа жылда мен босанып, Алла қаласа аяқ-қолымды жинап, жаңа тыныспен жұмысқа кіріскім келіп тұр», – деді Сұлтан.

Shownews.kz




Көрілген: 500    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.01.2020, 23:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31