Жұлдызды жаңалықтар

Дулыға Ақмолда: Назарбаев 50 мың доллар көрімдік берді, оған театр актерлері бір-бірден үй алдық

  • Дулыға Ақмолда: Назарбаев 50 мың доллар көрімдік берді, оған театр актерлері бір-бірден үй алдық

    Дулыға Ақмолда: Назарбаев 50 мың доллар көрімдік берді, оған театр актерлері бір-бірден үй алдық

Кино және театр актері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дулыға Ақмолда өнер жолына қалай аяқ басқанын, Нұрсұлтан Назарбаев берген сыйақыға қалай пәтерлі болғанын айтып берді.

Бұл туралы «Ең алғашқы» бағдарламасында қонақ болды.

 Дулыға Ақмолда Ерлан Біләл және Асылбек Боранбаевпен бірге Тұңғышбай Жаманқұловтың шеберханасына оқуға түскен. Ауылдан келсе де, аса аңғал емес, көзінде ойы бар жіңішкелеу келген жас жігіт Тұңғышбай Жаманқұловтың көзіне бірден түседі. Сабаққа тыңғылықты дайындықпен келетін үштікті ұстаздары Тұңғышбай Жаманқұлов «моя великолепная тройка» деп атапты. Үшеуі де оқуды қызыл дипломмен бітіріп, 3-курста М. Әуезов атындағы драма театрға жұмысқа қабылданған.

90-жылдары Әуезов театрына басшы болып тағайындалған Тұңғышбай Жаманқұлов қиын кездерде жас актерлерді қалай баспаналы қылғанын айтып берді.

«Сол кездерде Әуезов театрына басшы болып тағайындалдым. 90-жылдар өте бір қиын кездер еді. Сол кезде мен барлық мүмкіндіктерімді пайдаланып, Әуезов театрындағы жастарға үй алып беруге білек шеше кірістім. Солардың ішінде Дулыға да бар. Бірде біздің спектакльге Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келді. Біздің қойған спектаклімізді көріп, өте қатты риза болды да, көрімдік беріп кетті. Ол 50 мың доллар болатын. Соған түгелдей он шақты пәтер сатып алдым да, бүкіл коллективке бір-бір айлықтан tлбасымыздың берген сүйіншісінен сыйақы жасадым», - деп өткенді еске алды ҚР Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов.




Көрілген: 1736    Пікірлер: 0

жұма, 26.03.2021, 16:18

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30