Жұлдызды жаңалықтар

"Екіқабатпын деп жыладым": Шахизада анасын есінен тандырған күнін еске алды

  • "Екіқабатпын деп жыладым": Шахизада анасын есінен тандырған күнін еске алды


Шахизада жас кезінде басынан өткен қызықты оқиғасын айтып, жұртты күлкіге қарық қылды. Әнші вечерде бетінен сүйген жігіттен жүктімін деп жылап, анасын есінен тандырған деп жазады "Жетінші" арнаның "Өз ойым" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.



 



Өнер иесінің айтуынша, оны анасы "Бетіңнен сүйсе, екіқабат болып қаласың" деп өсірген.


"Мені шешем қалай тәрбиеледі? "Бетіңді сүйдірме. Бетіңді сүйсе, екіқабат болып қаласың" деген. Сөйтіп тәрбиеледі бізді.

Қазіргі заманда жастар бәрін біледі. Кішкентайларға дейін баланың қалай туылатынын біледі.


Ал біз түк білмегенбіз. Сонымен сүйдірмей келдік қой қанша уақыттан бері.


Бірақ бір кеште бетімді сүйіп қойып еді. Содан үйге еңіреп жылап келгенім бар. Анам "Не болды?" дейді. "Мен екіқабатпын" дегенде, анам есінен танып құлаған ғой.


Содан "Бетімді сүйіп қойды" дегенімде, анам сабырға келді. Бізде сондай махаббат", - деп күлді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше әнші өзінің биылғы жылы 53 жасқа толатынын ашып айтқан болатын.






Көрілген: 1114    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.04.2019, 13:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31