Жұлдызды жаңалықтар

"Елу адамға түскі ас бөледі": Димаш Құдайберген жаңа акция жариялады

  • "Елу адамға түскі ас бөледі": Димаш Құдайберген жаңа акция жариялады

Халықаралық ынтымақтастық қоғам назарын жаһандық аштық проблемасына аударуды мақсат тұтады. Әншінің айтуынша, сатылған әрбір "Love" футболкасынан түскен ақша ұйымды қолдауға жұмсалады
Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген дизайнер Майкл Корспен бірге аштық мәселесімен күреседі.

Орындаушы БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасын қолдау арқылы бүкіл әлемдегі аштық проблемасына адамдардың назарын аударғысы келеді.

"Мен Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының "MichaelKors #FoodIsLove" жобасын қуана қолдаймын. Олардың балаларды тамақтандыру арқылы әлемдегі азық-түлік мұқтаждығын жою бағытындағы миссиясы маған жақын. Бұл әсіресе пандемия кезінде өзекті болып тұр",&ndash дейді әнші.

https://www.instagram.com/kudaibergenov.dimash/?utm_source=ig_embed
Димаш, сондай-ақ, сатылған әрбір "Love" футболкасынан түскен барлық қаражат ұйымды қолдауға көмектесетінін айтты.

"Сатылған әрбір "Love" футболкадан түскен қаржы түгелдей Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасына аударылады. Маған оларға қолдау таныту үшін сіздердің көмегіңіз қажет. Футболкамен суретке түсіп #WATCHHUNGERSTOP және @michaelkors-ті тегтеңіз. Әр пост пен сторис үшін "Michael Kors" БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасына 50 адамға арналған түскі ас бөледі!", - дейді ол.

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (World Food Programme (WFP) - әлемдегі ең ірі гуманитарлық ұйым, ол жылына 4 миллион тоннаға жуық азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Ұйым 1963 жылы БҰҰ жүйесінде азық-түлік бойынша көмек көрсету агенттігі ретінде құрылды.Оған дамушы елдердегі кедейлерге көмектесу, аштық пен кедейлікпен күресу міндеті жүктелген. Ол экономикалық және әлеуметтік дамуға жәрдемдесу үшін азық-түлік көмегін пайдаланады.
 
 




Көрілген: 1807    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.10.2020, 12:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31