Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Еріккеннен емес": Ақбота Керімбекова үш рет тұрмыс құрғаны үшін сынағандарға жауап берді

19 наурыз 2019, 13:33

Ақбота Керімбекова үш рет тұрмыс құрып, ажырасқаны үшін талай елдің сөзіне қалды. Десе де, әнші еріккеннен күйеуге шықпағанын айтады. Ол жанында арқасүйер азаматының болғанын қалаған.

Ақбота Керімбекова

Бұл туралы Ұлттық арнаның "Сенбілік таң" бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды.

"Кез келген адам өзінің өмірінің жақсы болғанын тілейді. Ер азамат болсын, әйел болсын. Ғазизхан айтпақшы, "жетісіп жүрген ешкім жоқ". Әр адам өз бақыты үшін күреседі. Бақытты болу деген нәрсені әркім әрқалай түсінеді. Біреу үшін ақша, атақ, енді біреу күйеуден, әйелден, отбасынан көреді. Аллаға мың да бір тәубе деймін, бақытты әйел, анамын деп есептеймін", - дейді Керімбекова.

Бұл ретте әнші алғашқы некесі сәтсіз аяқталса да, келесі рет ақ көйлек киюге қалай бекінгенін түсіндірді.

"Еріккеннен екінші рет, үшінші рет тиейінші деген ойымда болған жоқ. Қасымда арқасүйер азаматым болса екен дедім. Әйелсің, кейде көліктің дөңгелегін ауыстыру керек, жасымыз да келді, барған жеріңде қасыңда біреу отырса деген арман-ниетім болды. Бұл орайда анау үйтті, мынау бүйтті дей алмаймын. Көруші де, білуші де бір - Алла. Қанша шындықты осы уақытқа дейін айтқаныммен, жасыра алмаймын. Бар болмысым осы. Өтірік жасырып болсын, өмірде, өнерде болсын үш емес, төрт рет тұрмысқа шыққандар бар", - дейді Ақбота.

Ал үш күйеуден ажырасқанына қатысты әнші: "Түсінбеді болды", - деп қысқа ғана жауап берді.