Жұлдызды жаңалықтар

Ермек Тұрсынов «қойларды әйел ретінде пайдаланған» шопандар туралы айтты (ВИДЕО)

  • Ермек Тұрсынов «қойларды әйел ретінде пайдаланған» шопандар туралы айтты (ВИДЕО)

    Ермек Тұрсынов «қойларды әйел ретінде пайдаланған» шопандар туралы айтты (ВИДЕО)

Белгілі режиссер, сценарист Ермек Тұрсынов Youtube желісіндегі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына берген сұхбатында өзі түсірген атышулы "Келін" фильмі туралы сөз қозғады, деп хабарлады paryz.kz.

Оның айтуынша, "Келін" фильмі - көне түркілердің бастауы. Біріншіден, онда «нағыз қазақтар» деген жазу болмаса, екіншіден, фильмнің басында 2-ғасыр деген анықтамасы тұр. Сонда да оны қазақ халқы әлі түсінбепті. Ал фильм шетелдік премияның финалына дейін өткенде, біздің министрліктің 18 адамы "қазақты жаманатты етіп көрсеткен бұл байқаудан бас тартамыз" деп қол қойған.

Сондай-ақ, режиссер "ешкі жетектеген бала" туралы пікірін айтты.

"Сюжеттегі ешкі мен бала туралы менен сұрап, сынап жатады. Неге шындықтан бас тартамыз біз? Бала кезімде шопандар тұрған, Үшқоңыр жақта. Үш ай, алты ай, тіпті бір жыл тұрады. Сонда кейбіреулер үйге келгенде нешетүрлі оқиғалар айтады ғой. Біз баламыз ол кезде. Солар ешкі тұрмақ, қойлармен болатын. Қойды әйел ретінде пайдаланатын болған. Бұл тек қана бізде емес. Бұл &ndash шындық. Біз неге шындықтан бас тартамыз?" - деді Ермек Тұрсынов.

Айтуынша, кезінде Александр Македонскийдің өзі айлап, жылдап соғыста жүргенде, өз жауынгерлерінің "еркектігін жоғалтпау үшін" бір қора ешкіні айдап алып кететін болыпты.

"Бір жағынан сүт, бір жағынан ет, бір жағынан әйел ретінде пайдаланған. Міне, осындай тарихи деректер де бар. Сол себепті, мен жаңалық ашқан жоқпын, тек өтіріктен бас тарттым", - дейді режиссер.




Көрілген: 5086    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.02.2021, 23:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31