Жұлдызды жаңалықтар

"Есімі - Наташа": Рухия Байдүкенова анасының орыс ұлтынан екенін растады

  • "Есімі - Наташа": Рухия Байдүкенова анасының орыс ұлтынан екенін растады

Рухия Байдүкенова анасының орыс ұлтынан екенін растады. Алайда әнші 9-сыныпқа дейін орысша сөйлеуден үзілді-кесілді бас тартқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz Жан Содельдің YouTube арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Анам орыс ұлтынан, есімі - Наташа. 9-сыныпқа дейін үзілді-кесілді орысша сөйлеуден бас тартып келдім. Кейін Астанаға колледжге оқуға түстім. 

Ұстаздардың бәрі орыстар, орыс тілін үйренуге тура келді. Бірақ орыстарды жақсы көремін, адамды ұлтқа бөлмеймін, барлық ұлт өкілдерін жақсы көремін", - деді ол.

Сондай-ақ, Рухия Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауына қатысты пікір білдірді. 

"Өмірде кездескен емеспіз. Құттықтау хатын жолдады, кәдімгі құттықтау ретінде қабылдадым. Ол да халықтың ішінен шыққан адам. Біз сияқты қарапайым адам", - деді Рухия. 

Рухия "Славян базарындағы" жеңісінен кейін бірнеше күн ұйықтамағанын айтады. Себебі: 

"Хаос, ажиотаж болды. Барлығы хабарласып, сұхбат беруімді сұрады. Мен үшін үйреншіксіз болды. Себебі қарапайым студент едім, ал "Славян базарынан" кейін барлық жерде мені іздей бастады. Жеңу үшін бардым, содан шығар, жұлдыз ауруына шалдыққан жоқпын", - деп түсіндірді ару. 

Әнші байқаудың алғашқы күнінде өзіне "9" ұпай қойған Пенкинге қатысты: 

"Онымен келісемін. Бірінші күні актерлік шеберлігім жетпеді. Сондықтан әділ баға деп ойлаймын", - деді. 

Ал жеңіске Димаштың арқасында жетті дейтіндерге Байдүкенованың жауабы мынадай: 

"Қазылар-алқасының құрамында Димаштан басқа да адамдар болды. Димаш әділ-қазылар алқасының қатарында болмаса да, жоғары ұпай алатын едім. Солай үміттенемін..."




Көрілген: 1102    Пікірлер: 0

жұма, 06.08.2021, 12:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31