Жұлдызды жаңалықтар

"Етегім көтерілмеген адаммын": "Қоңыр" тобының экс-солисі жеке өмірі туралы шындығын айтты

  • "Етегім көтерілмеген адаммын": "Қоңыр" тобының экс-солисі жеке өмірі туралы шындығын айтты

 "Қоңыр" тобының экс-солисі Жазира Қошанова топтағы 10 жылдық жұмысынан соң шет елге модельдік бизнеспен айналысуға кеткен. Бір жыл шет елде тұрып келген әнші елге оралғанда "тұрмысқа шығыпты" , "ажырасып кетіпті" деген сынның астына қалған. "Астарлы ақиқат" бағдарламасына берген сұхбатында ол өзіне қатысты қауесеттерге нүкте қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ерекше бітімді, сұлу қыз Жазира Қошанова 2007-2017 жылдар аралығында "Қоңыр" тобында өнер көрсеткен. Одан кейін ағаларының ақ батасын алып шет елге жұмыс бабымен кеткен болатын.

"Бір жыл көлемінде Малайзия елінде болдым. Келген соң журналистер шет елге кетуімді тұрмысқа шығумен байланыстырып жатты. Жеке отбасылық мәселелерге байланысты кеттім.

Ол елде жігітім болғанын жасырмаймын. Оның еш айыбы жоқ шығар. Бір-біріңді жақын танып, отбасын құруға бола ма, болмай ма білген дұрыс деп ойлаймын", - деген ол шет елдік жігітімен достары арқылы танысқанын айтады.

"Бір жыл көлемінде телефон арқылы байланысып жүрдік. Кейіннен "Сенің бойың, фигураң бар. Бізде модельдік бизнес дамыған, келіп басқа салада жұмыс жасап көр және екеуміз жақын танысып көрейік" деп ұсыныс айтты ол. Содан кейін мен бардым", - дейді әнші. Сондай-ақ елге оралғанда мән-жайды нақты білмей тұрып тон пішіп, жағымсыз пікір айтқандарға өз ренішін білдірді.

"Бірі ажырастырып, бірі қосып жатты. Қазір, Құдай сақтасын, тұрмыста емеспін. Құдай сақтасын деппін-ау. (күліп - ред.) Тұрмысқа шыққан жақсы дүние, бірақ ажырасқаннан Құдай сақтасын. Сөздің шыны керек, әлі етегім көтерілмеген адаммын. Әлеуметтік желілерде "сен анадан қалғансың, сен мынадайсың деп түрлі ұятты сөздер жазады. Сол кісілерге айтарым, адамды танымай жатып, сыртынан балғат сөз айтудың қажеті жоқ", - деп әнші хейтерлердің алып-қашпа сөзіне нүкте қойды.

Бағдарлама барысында Малайзияда орын алған даудың жөнін сұрағанда:

"Дау дейтіндей дау емес. Қытай халқы "Мисс табысты әйел" деген байқау ұйымдастырды. Мені байқаудың бет-бейнесі ретінде шығарғысы келді. Саған үйіңді, ақшаңды береміз, жағдайыңды жасаймыз деді. Бірақ сен Қытай халқының атынан шығасың деп талап қойды. Қаның қазақ, ата-анаң қазақ, қазақ жерінде өскен соң намысым жіберген жоқ. Шықпаймын деп бас тарттым", - деп әнші жат елде жүріп басынан өткерген оқиғаны да айтып қалды.

 




Көрілген: 331    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.01.2020, 22:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31