Жұлдызды жаңалықтар

"Етегіңіз қысқара бастапты": Жұлдыз Әбдікәрімова өзіне сын айтқан оқырманына жауап берді

  • "Етегіңіз қысқара бастапты": Жұлдыз Әбдікәрімова өзіне сын айтқан оқырманына жауап берді

Жұлдыз Әбдікәрімова өнердегі құрбыларымен киноға барды. Әншінің жары қысқа көйлекпен көзге түсті. Жұлдыз ханым өзіне айтылған оқырман сынына жауап берді. 

Жұлдыз Әбдікәрімова Әлия Әнуарбек, Мөлдір Мұқанова, Ләйлә Сұлтанқызы, Құралай Анарбековамен бірге киноға барды. Желі қолданушылары актрисаның киімін сынап, енді бірі мақтап әлек. 

 
“Етегіңіз қысқарып барады екен, Жұлдыз”, “Көйлегіңіз қысқа емес пе?”, “Қайрат қайда?”– деп жазды желі қолданушысы. 

Бұл сөз Жұлдыз ханымның ашуына тиіп кетті. 

“Құдай-ай, жоқ жерден өзіңіз айтып, өзіңіз ренжіп қалдыңыз ба? Тілім ащы болып жеке басыңызға өткенім жоқ. Қызықсыздар осы. Мен сізге бірдеңе дедім бе?”, – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова. 

Желі қолданушыларының енді бірі керісінше жақсы пікір қалдырды. 

“Несі қысқарған? Әп-әдемі. Елге жағу қиын тегі. Өзіне жарасып тұр”, “Өзіне күшті жарасады, сендерде киіңдер. Әдемі, ақылды Жұлдыз”, “Жұлдыз сен әдемісің, тәрбиелі анасың, қыздарыңада сондай тәрбие береді деп сенемін”, “Жұлдыз керемет жансыз. Бар жақсыға лайықтысыз”, “Құдай-ау, не киеді, не ішеді, қандай шаруаңыз бар. Адамдардың іші пыса бастаған сияқты. Көргіңіз келмесе пікір жазып не керек”, “Жұлдыздың көйлегі жарасып-ақ тұр, несі бар анау айтқандай қысқа емес етігімен білінбейді”, “Елдің сөзің қыстырма. Адамдарға жағу мүмкін емес. Өздері сен сияқты жүре алмайды. Жүрген адамды көре алмайтың іші тар қазағым-ай”, – деп жазды олар. 




Көрілген: 948    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.11.2021, 10:16

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30