Жұлдызды жаңалықтар

"Еврейдің қаны бар": Жәния Джуринская тегіне қатысты шындықты айтты

  • "Еврейдің қаны бар": Жәния Джуринская тегіне қатысты шындықты айтты

Жәния Джуринская шыққан тегіне қатысты шындықты айтты. Актриса бойында еврейдің қаны бар екенін растады, деп хабарлайды Stan.kz.

Джуринскаяның фамилиясына қатысты сұрақ актрисаға жиі жолданады. Бұған дейін Жәния оны былай деп түсіндірген болатын: 

"Әжемнің ұлты - әзірбайжан. Әкем үйдің үлкені болғандықтан, әжем оны бала сүйе алмаған әпкесіне берген. Ал ол өз кезегінде әкеме өзінің тегін берген".

 
Ал күні кеше Жәния Instagram Stories-те әжесінің еврейден тарағанын мәлімдеді.

"Әжем әкесінің еврей екенін жасырып келген. Бірақ біз біліп қойдық. Әкесі - еврей, анасы - әзірбайжан", - деп ағынан жарылды ол.

Жәния артық салмақ тастағысы келетін аруларға дұрыс тамақтану мен интервалды ашығу режимін ұстануға кеңес берді. 

"Өзім сағат 13.00-19.00 аралығында тамақ жеймін. Арасында тәтті жеуге өзіме рұқсат беремін", - деді ол.

Джуринская карантин кезінде киім дүкенін жабуға мәжбүр болғанын жеткізді. Сөзіне қарағанда, шектеулік шаралардың кесірінен, олар тек аренданы төлеуге жұмыс істеген.

"Ал онлайнға ауысқаннан кейін, барлығы керемет бола түсті", - деді Джуринская.




Көрілген: 2520    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.08.2021, 11:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30