Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Гүлнұр Оразымбетова енесін жер қойнына тапсырғанын айтып, елді жылатты (видео)

19 наурыз 2019, 13:28

Гүлнұр Оразымбетова отбасында орын алған қайғылы жағдай туралы айтты. Әнші енесінен айырылып қалғанын, ал күні кеше соңғы сапарға шығарып салғанын атап өтті, деп жазады Stan.kz.

Гүлнұр Оразымбетова

Оразымбетова 2015 жылғы естелігімен бөлісті. Видеода Гүлнұр марқұм енесіне арнап ән шырқауда.

"2015 жылы Астанада өткен концертімде жолдасымның анасын туған күнімен құттықтап, ән арнадым. Бұл әнді жерлесім, талантты композитор Серікке айтып, арнайы тапсырыспен жаздырдым. Дәл осы концерт болған күні анашым 80 жасқа толған еді. Бірақ осы кешті көргендер "өз анаң отырғанда енеңе неге ән арнайсың" деп біраз жерге апарып тастап еді мені. Бүгін аяулы анашымды 84 жасқа қараған шағында жер қойнына тапсырдық... (Мен өз анамды атымен атаймын, себебі әжемнің қызымын)

Менің еркелігімді көтеріп, өнеріме әркез қолдау бола білген, келіні емес қызындай көрген анашым, жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын! Менің әнші бола алмаған арманымды өзің жалғастыр, қазір заман жақсы ғой, күйеуің ұрыспаса айта бер деген пейіліңізден айналдым. Әнді керемет айтушы еді.

Жаныңыз жәннаттың төрінен болып, Алла тағалам өз панасына алсын", - деп жазды Оразымбетова.