Жұлдызды жаңалықтар

«Халықаралық аренада мен тек қана бір елдің атынан шыға аламын»: Димаш өзіне қатысты қауесеттің нүктесін қойды

  • «Халықаралық аренада мен тек қана бір елдің атынан шыға аламын»: Димаш өзіне қатысты қауесеттің нүктесін қойды

    «Халықаралық аренада мен тек қана бір елдің атынан шыға аламын»: Димаш өзіне қатысты қауесеттің нүктесін қойды

Ол Ресейдің атынан байқауға қатысу туралы ұсыныстардың келіп жатқанын жоққа шығармады.
Димаш Құдайберген" Ресейдің атынан байқауға қатысады" деген қауесетке нүкте қойды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өзіне қатысты теріс әңгіме таратқандарға әлемді таңғалдырған әнші Instagram-парақшасында жауап беруді жөн көргенге ұқсайды. Ол Ресейдің атынан байқауға қатысу туралы ұсыныстардың келіп жатқанын жоққа шығармады.

"Құрметті достар, Евровидение байқауына Ресей атынан қатысу туралы көптеген хаттар келіп түсіп жатыр. Бұл байқауға мен тек қонақ ретінде шақырса ғана қатысуым мумкiн. Қатысушы ретінде байқауға қатыспаймын және керек деп санамаймын. Аса құрметпен жанкүйерлеріме айтарым, халықаралық аренада мен тек қана бір елдің атынан шыға аламын, ол менің Отаным - Қазақстан! Қолдауларыңыз бен ыстық ықыластарыңызға рақмет. Менің "Арнау" атты жеке концерттік турнемде кездескенше!", - делінген жазбада.

Әншінің әлеуметтік желі арқылы бұлай арнайы пікір білдіруіне ресейлік сайтта жарияланған кезекті бір мақала себеп болғандай. Айталық, онда: "Қазақстан әншісі Димаш Құдайберген Ресей атынан "Евровидение-2020" байқауына қатысқалы жатыр" деген сыңайда қауесет тараған болатын. 

 

 




Көрілген: 375    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.02.2020, 11:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30