Жұлдызды жаңалықтар

"Иә дедім": Мадина Оспановаға сүйіктісі ұсыныс жасады (фото)

  • "Иә дедім": Мадина Оспановаға сүйіктісі ұсыныс жасады (фото)


Отандық танымал актриса Мадина Оспанова жақын арада отбасын құрып, келін атанбақ. Төреғали Төреәлінің фильмі арқылы қалың көпшілікке танылған аруға сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.


 

 


Жеке өміріндегі қуанышты жаңалығымен актрисаның өзі Instagram желісінде бөліскен.


Мадина Оспанова раушан гүлдерімен және құрбыларымен түскен суретін жариялап:


"Мен иә дедім. Тойға кім келгісі келеді" , - деген жазба қалдырған.

Жүрегі мен қолын ұсынған азаматқа келісімін берген актриса ұзату тойына қызу дайындықты бастап кетсе керек.


Ол желіде өміріндегі маңызды күнге көйлек таңдап жатқан сәтін көрсетіп, оқырмандарын тағы да қызықтырып қойған.


Айта кетейік, Мадина Оспанова әнші Төреғали Төреәлінің "Ұлы дала комедиясы" фильмінде басты рөлдердің бірін сомдап, соның арқасында ел арасында танымал бола бастады.


Оған қоса, халық арасында өнер иесі Төреғалимен көңіл жарастырып жүр деген қауесеттер тарады. Алайда актриса қаңқу сөздерге нүкте қойып, сүйіктісі туралы айтқан болатын.


Еске сала кетейік, бұған дейін тағы бір танымал ару Әсел Асқарға сырға салынғанын хабарлаған едік.



 



 





Көрілген: 2332    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.11.2019, 16:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31