Imanbek АҚШ-та концерт өткізеді

18 ақпан 2022, 14:43

Әлемге белгілі қазақстандық диджей Иманбек 20 мамырда АҚШ-та өнер көрсетеді. Грэмми сыйлығының иегері Колорадода Temple Denver алаңында шоу өткізеді. Бұл туралы Иманбек өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Айта кетері, Temple Denver алаңында өтетін шоуға сатылған әр билеттің 1 доллары қайырымдылыққа жұмсалады. Оның ішінде білім, музыка, қарым-қатынас және махаббат арқылы өзіне қастандық жасауға жол бермейтін музыка әуесқойлары қауымдастығына беріледі.

Иманбек Зейкеновті көпшілік DJ Imanbek деп таниды. Ол Roses Remix ремиксі арқылы танылды.

20 жастағы музыкант америкалық Billboard HOT 100-де үздік бестікке кіреді.

Айта кетері, Иманбек Грэмми сыйлығын "үздік ремикс" номинациясы бойынша жеңіп алды.

sputnik.kz