Жұлдызды жаңалықтар

«Ирина Қайратовнаның» Шымкенттегі шоуы бойынша тексеру жүргізіліп жатыр

  • «Ирина Қайратовнаның» Шымкенттегі шоуы бойынша тексеру жүргізіліп жатыр

    «Ирина Қайратовнаның» Шымкенттегі шоуы бойынша тексеру жүргізіліп жатыр

1 қарашада Шымкент қаласындағы Наурыз алаңында «Ирина Кайратовна шоуы» өткізген концерт бойынша қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Әл-Фараби ауданының басшысына кешегі өткен концерттік шара бойынша қызметтік тексеріс жүргізу туралы тапсырыс берілді. Аталған кештің өткізілетінінен біз бейхабардар болдық. Егер, концерт барысында карантин талаптарына сай заң бұзушылық әрекеттер болса, онда кешті ұйымдастырушыға айыппұл салынады. Кешті ұйымдастырушы - жеке кәсіпкер немесе ЖШС иесі екендігі анықталып жатқандықтан, айыппұл көлемінің қанша болатынын қазір нақты айта алмаймын», - деді Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бөлімінің басшысы Майра Серікқұлқызы.
Заңгер Айгүл Орынбек аталған іс-шараға қатысты facebook желісіндегі парақшасында жазба қалдырып, қала прокуратурасынан карантин режимін бұзған Шымкент әкімдігін жазаға тартуды сұрады.

«Заң бәрімізге ортақ па? Заң ортақ болса, ұйымдастырушы Шымкент қала әкімдігі жазаға тартылсын! Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан «індет өршіп келе жатыр, тәртіп сақтайық» деп алып, өздері концерт өткізіп жатқаны несі? «Арақашықтық, отыз адамнан артық жиналмау керек» деген бәлду-бәлду әңгімелеріңіз қайда қалды? Ипподромда ұлттық спорттан жарыс ұйымдастыруға рұқсат берілмейді, ал мынандай жынойнаққа не үшін рұқсат беріп жүрсіңдер? Шымкент қаласының Полиция департаменті кафелерді тексеріп, тәртіп орнатып жүр едіңіздер, мына кешке келгенде не болды?! Әкімдікке шамаларың жетпейді ме? Мынау не мынау тәртіпсіздік? Әкімдікке ескертуге болмады ма?! Ертең қалада індет өршитін болса, осындай кешке тосқауыл бола алмаған бәрің кінәлісіңдер! Әйтенов, осы ма жаңа жобаң? Жастарды заңға бағынбауға үйрету ме?!», - деп жазған заңгер.
Azattyq Rýhy тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне хабарласып, карантин кезінде жергілікті биліктен не себепті Наурыз алаңда концерт өткізуге рұқсат бергенін сұраған еді.

«Ирина Қайратовна» шоуы өткізген концерт шарасына қатысты ресми түсінікті Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан бүгін кешке әлеуметтік желідегі парақшасының тікелей эфирінде мәлімдейді. Дәл қазір сіздерге ешқандай жауап бере алмаймын», - деді  әкімнің баспасөз хатшысы Бекен Қоныс.
Айта кетейік, аталған концертті U:hack - Shymkent инновациялық идеялар фестивалінің ұйымдастырушылары өткізген.

Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан




Көрілген: 1601    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.11.2020, 16:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31