Испан әншісі танымал шоуда Димаш Құдайбергенді қайталады

05 наурыз 2022, 16:14

Танымал испаниялық әнші Агоней Эрнандес танымал шоуда қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің образын қайталады. Ол Димаштың репертуарындағы "SOS d’un terrien détresse" француз әнін шырқап, Құдайбергеновтің сахнадағы қылықтары мен даусын салуға тырысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Агоней Эрнандес "Один в один" шоуының аналогы "Tu cara me suena" бағдарламасына қатысты. Эфир 4 наурыз күні көрерменге жол тартты.

Агоней Димаштың шаш үлгісін, сахнадағы тұрысы мен қылықтарын, ән айту мәнері мен даусын қайталауға тырысты. Испаниялық әріптесінің көрсеткен өнерін Димаш Құдайберген өз парақшасында бөлісті. 

Димаштың бір топ фанаттары бұл жаңалыққа қуанса, екіншілері оған ешкім тең келе алмайтынын айтып, екеуін салыстырды.

"Қаншалықты жақсы орындаса да, сен үздіксің", "Әртістердің сенің образыңды қайталауға тырысып жатқаны қуантады. Біреуге ұқсау, әсіресе саған ұқсау өте қиын. Ол үшін үлкен батылдық керек және бұл әншінің әрекеті мақтауға тұрарлық", "Сенің әндеріңді осындай шоуларға алып жатқанына қуаныштымын", "Түпнұсқа бізге өтімдірек", "Саған жету қайда, Димаш. Бірақ жігіт жарады, барынша тырысты", - деп бағалады тыңдармандар.

https://www.instagram.com/kudaibergenov.dimash/?utm_source=ig_embed&ig_rid=66953ec4-9d69-4579-b02f-edd6b5a3129f