Жұлдызды жаңалықтар

"Жағдайға қарамастан келдік": Абай Бегей мен Асхат Тарғын концерт беріп жүр (фото, видео)

Қазақ эстрадасының жұлдыздары Асхат Тарғын мен Абай Бегей Ресейдің Орынбор қаласында бірігіп концерттерін берді. Екі күнге созылған ән кеші шетелдегі қандастардың көңіл күйін көтерген деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Әншілердің жеке парақшасы

Фото: Әншілердің жеке парақшасы

Қос әртіс бірігіп Орынбор қаласында "Көрісу мерекесіне" орай екі күн концерттерін берді. Бұл ақпаратты өнер иелері желідегі парақшасында растады.

Асхат Тарғын елде орын алып жатқан жағдайға қарамастан концерт берудің себебі болғанын жеткізді.

"Билет сатылып кеткен, осыншама халық күтіп отырғаннан кейін елімізде болып жатқан келеңсіз жағдайға қарамастан келдік. Ресейде карантин ештеңе жоқ екен. Елімізде тыныштық болсын, ауырмаңыздар ағайын!" - деді ол.

 

Әншінің сөзінше, концерттің жоғары деңгейде өткені соншалықты, билеттің бірі де қалмай өтіп кеткен. Сол үшін Асхат Тарғын Орынбордағы қандастарға алғысын жеткізді.

Абай Бегей де Ресей жеріндегі концертінен алған әсерін желідегі парақшасында бөлісуді ұмытпады.

 
 
"Сіздерге Орынбордағы қандастарымыздан жалынды сәлем! Жаратушымыз әр түрлі болып жатқан жаман (вирус) аурулардан сақтасын", - деді ол.

 

Абай Бегей мен Асхат Тарғынның концертінде болған тыңдармандар ән кешінің жоғары деңгейде өткенін айтып, оларға алғыстарын білдірді.

 

Одан бөлек, жанкүйерлер орынборлық тұрғындарға көңіл күй сыйлаған ұйымдастырушыларға да рақметтерін айтты.

 

Концерттен кейін, Асхат Тарғын мен Абай Бегей алаш арысы Ахмет Байтұрсынов тұрған үйге барып қайтқан.

Сондай-ақ, Орынбор қаласындағы тарихи ғимараттармен танысқандарын да жеткізді.

 

Айта кетейік, коронавирус пандемиясы кесірінен отандық әншілер Қазақстан аумағындағы концерттерін кейінге шегеріп тастаған болатын.

Cондай-ақ, Димаш Құдайберген де Прага, Гамбург, Дюссельдорф, Штутгарт және Минск қалаларындағы жеке кешін басқа уақытқа ауыстыру туралы шешімге келді.

 

 

 




Көрілген: 488    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.03.2020, 12:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30