Жұлдызды жаңалықтар

Жақсы көретінін күнде айтады: Шахизада сүйіктісі жайлы сыр шертті

  • Жақсы көретінін күнде айтады: Шахизада сүйіктісі жайлы сыр шертті

    Жақсы көретінін күнде айтады: Шахизада сүйіктісі жайлы сыр шертті

Екі бірдей немере тәрбиелеп отырса да, Шахизадаға да жас жігіттер жиі көңілін білдіреді екен. Алайда әнші көңіл қосқан азаматының бар екенін жасырмайды. 


Шахизада


Бұл туралы 7-арнаның "Гу-гу-лет" бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 


"Маған өте көп жазады, жасырмаймын. Махаббат жас таңдамайды дейді ғой. Маған сондай көзқараспен қарайтын шығар деп ойлаймын. Бүгін де мысалы тойда отырмын, жас жігіттер "қандай әдемісіз" деп жазып жатыр. Жақсы көретінін білдіріп жатыр, дайректке де жазып жатыр", - дейді Шахизада.


Алайда әнші хат жазғыш жігіттерге көңіл аудармайды. Себебі жанында күнделікті жылы сөзін аямайтын сүйіктісі бар. 


"Жанымда жақсы ер азамат жүр. Күнде "жаным сол, жақсы көремін" дейтін азаматым бар. Сондықтан мен әдемі боп жүремін", - дейді ол.


Әйтсе де, Шахизада болашағына қазірден жоспар құрмайды. Әлі де үлкен махаббатты кезіктіретініне сенімді. 

"Болашақта тұрмыс құратын болсам, қасымдағы азаматтың өнер жолында жүргенін қаламаймын. Өйткені өнер деген оңай емес. Қызғаныш деген өте көп болады. Сондықтан шын жақсы көретін, арқама жалау болатын, мықты, өтірік айтпайтын, жақсы көретін азамат болса деп армандаймын. 


Пейіліме, көңіліме қарай, алдымда әлі керемет махаббат күтіп тұрған шығар. Қазіргі азамат та жақсы көріп жүр, мен де ұнатамын. Бірақ әр нәрсе өз уақытымен. Бір Алланың қолында деп айтамын", - дейді әнші.


 

 




Көрілген: 362    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.03.2019, 21:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31