Жұлдызды жаңалықтар

Жақында кездестік: Тәуекел Мүсілім алғашқы махаббаты жайлы айтты

  • Жақында кездестік: Тәуекел Мүсілім алғашқы махаббаты жайлы айтты

    Жақында кездестік: Тәуекел Мүсілім алғашқы махаббаты жайлы айтты

Тәуекел Мүсілімнің ең алғашқы махаббаты мектеп шағынан басталады. Сүйкімді сыныптасы актердің бала махаббаты еді. Бүгінде дос болып араласады.

Бұл туралы "Ең алғашқы" бағдарламасында айтылды. 

Тәуекел мектепте Данара есімді қызды жақсы көргенін мойындады. Ол қыз әлі де тұрмысқа шықпаған. Қазір елордада мемлекеттік қызметте істейді.

"Данара есімді пысық қыз бар еді. Мен ғана емес, жігіттердің бәрі жақсы көретін. Сабақты жақсы оқитын. Биді де билейді. Мектепте балалар сабақты жақсы оқитын қыздарды ұнатады ғой. Данараны кейін көрдім. Сыныптастар болып кездестік. Сонда оны ұнатқанымды айттым. Ол тұрмысқа шықпаған шығар әлі. Қазір мемлекеттік қызметте. Астанаға келгенін айтқан. Желіде сыныптастардың чаты бар. Содан көріп тұрамын", - деді актер. 

Данара елордада жұмыс істеп жүр. Мемлекеттік қызметкердің этикасына сай эфирге шығып, Тәуекел жайлы айтудан бас тартқан. Алайда бұрынғы өзіне ғашық сыныптасына дұғай сәлем жолдады. 

Актер сұхбаты барысында әкесін еске алды. Көз жасына ерік берген әкесімен қоштасқан сәтін айтып берген еді.




Көрілген: 2329    Пікірлер: 0

жұма, 15.01.2021, 13:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31