Жұлдызды жаңалықтар

Жанель Мақажан өзінен 8 жас кіші актермен кездесіп жүргенін айтты

  • Жанель Мақажан өзінен 8 жас кіші актермен кездесіп жүргенін айтты

    Жанель Мақажан өзінен 8 жас кіші актермен кездесіп жүргенін айтты

Жанель Мақажан актер Абай Асылханмен кездесіп жүр. Актриса өзінен 8 жас кіші актермен көңіл қосты. Ол менің адамым деген Жанель "махаббат жасқа қарамайды" деген ұстанымда.

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

 https://www.instagram.com/janellemakajan/?utm_source=ig_embed

Жанель Мақажан актер Абай Асылханмен көңіл жарастырды. Бұл туралы ашық айтып, Абай менің адамым деп мойындады. 

"Абай Асылхан - менің адамым. Ол менен 8 жас кіші. Бірақ мен махаббат жасқа қарамайды деп санаймын. Қазір дәл  осы ұғымды өзім толық сезініп жүрмін. Екеуміз бастапқыда дос болдық. Жақын араласып жүрдік. Екеуміз де өлең оқитынбыз. Жандүниеміз үндес болғандықтан ба, жанымызға жақын нәрсе көп пе, әйтеуір сезім пайда болды. Өнер адамы болған соң бір-бірімізді түсінеміз. Бір салада жүргендіктен, көзқарасымыз да бірдей. Сондықтан ол менің адамым", - деді Жанель.

 Көпшілік Жанельді Жахан Отарғалиевпен көңіл қосты деп болжады. Алайда олар тек жақын дос екендерін айтып ақталды. 

"Жахан екеуміз керемет доспыз. Арамызда ондай сезім, махаббат жоқ. Жай ғана вайн түсіреміз. Көпшілік сол үшін бізді жұп деп ойлайды", - деді актриса.

Жанель Мақажан жақында Түркиядан оралды. Бір апталық демалысы үш аптаға созылған. Театр актрисасы бір уақытта бірнеше істі қолға алғанын айтады. Театрдан бөлек киноларға шақырту алған. Бос кезінде киім тігеді. Вайн түсіреді.




Көрілген: 4084    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.04.2021, 14:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30