Жұлдызды жаңалықтар

«Жания енді біреудің қатыны»: Жания Джуринскаяға сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО)

  • «Жания енді біреудің қатыны»: Жания Джуринскаяға сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО)

    «Жания енді біреудің қатыны»: Жания Джуринскаяға сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО)

Әнші, актриса Жәния Джуринская тұрмысқа шықпақ. Сүйіктісі Хизметов Данияр сезімін білдіріп, тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Бұл сәттің видеосы желіде жария болды. 

Бірлесе вайн түсірудің шебері Данияр мен Жания қыз-жігіт болып қол ұстасты. Сүйіктісі Жанияға ерекше тосынсый жасап қуантты. Ол Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде сүйіктісіне сезімін білдіріп, тізерлеп отырып сөз салды. 

"Теңіздің Еуропа мен Азия түйіскен жерінде мен "иә" дедім. Мен сені ұзақ күттім. Менің сиқыршым. Сені сүйем", - деп жазды сезімін жасыра алмаған Джуринская парақшасында. 

Теңіздің ортасында сөз салған сері көпшілікті қайран қалдырды. Желідегі оқырмандары ерекше сөз салу екенін айтып жатыр. Желідегі және өнердегі достары екі жасты құттықтап, баянды бақыт тіледі.

"Ооо, құттықтаймын", - деп жазды Асылхан Төлепов. 

"Жанеееем, құттықтаймын. Бақытты болыңдар. Жарайсыңдар", - деп жазды актер Нұрлан Батыров.

"Құттықтаймын, жаным", - деп жазды Айдай Исаева.

"Болды, Жания енді біреудің қатыны. Сендерді жақсы көрем. Данияр, оны сүйе біл, ренжітпе", - деді вайнер Мейіржан.

"Бақытты болыңыздар! Шын жүректен қуаныштымын", "Тәтті қыз, бақытты бол, уайымдап жүр едік, қуанып қалдық", - деп жазды желідегілер. 




Көрілген: 3024    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.09.2020, 11:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30