Жұлдызды жаңалықтар

Жарқынай күйеуімен айырылысуына қатысты: Алла қосам десе, екі жылдан кейін де қосып жібереді

  • Жарқынай күйеуімен айырылысуына қатысты: Алла қосам десе, екі жылдан кейін де қосып жібереді

    Жарқынай күйеуімен айырылысуына қатысты: Алла қосам десе, екі жылдан кейін де қосып жібереді

Жарқынай Ханайымның күйеуімен айырылысуына "Рауза" телехикаясындағы сүйісу сахнасы себеп болған. Қазіргі "Кешью" құрамындағы Наргиз Алтайбайдан жары Айдар Асқарбекті қызғанған Жарқынай желіге өкпесін жариялап, кейін өшіріп тастады. Ал қазір екеуінің қарым-қатынасы қандай? Бұл туралы актриса НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
"Бұл тақырып қазірше белгісіз. Өздеріңіз-ақ байқайсыздар ғой, инстаграмнан көріп отырсыздар. Сондықтан қазірше белгісіз тақырып. Қалай болатыны енді Алланың қолында. Қосам десе, екі жылдан кейін де қосып жібереді. Бәрі уақыттың еншісінде. Қазір өнеріме, қызыма, бизнесіме көп көңіл бөліп жатырмын", - деді Жарқынай.

Көп уақытын қызымен өткізетін Жарқынай Айлананың шығармашыл адам болғанын қалайды екен. Оған себеп те жоқ емес.

 
"Айлана – жұлдыз болып туған қыз. Әкесінің әулетінде барлығы жұлдыз жандар. Айлана шығармашылық адам болады деп Баян Мақсатқызы, Бағым Мақсатқызы сеніп айтады", - дейді актриса.

Жанұялық өмірдің жанжалынан бөлек, Жарқынайдың жеке басына жазылатын хейт жетерлік екен. "Сахнада жүргеніме 6 жылдан аса уақыт болса да, ел менің шыққан жерімді бетіме басады. Тіпті сол үшін Айдарға лайық емессің деген пікір айтады", – дейді.

"Сол туралы сұрай береді, жаза береді. "Сен – өзбексің, моңғолсың, қарақалпақсың. Сен қорқыныштысың, қысқасы, өзбек сияқты пысықсың. Тым қусың деген сияқты жазады. Мен түсінбеймін. Ол тақырып қалмайды деп ойлаймын", – дейді Жарқынай.

Жарқынайдың пікірінше, бүгінде продюсерлердің оған деген өкпесі бар. Алайда актриса оның себебін ашып айтқысы келмеді. "Шығармашылық бүйірімді шығармады" деген ол, бүгінде кәсіпке кірісіп кеткен.

"Айтсам, өтірік болатын шығар, шығармашылықтан үлкен ақша тапқан емеспін. Продюсерлермен жұмыс жасадым. Продюсерлер менен ақша тапса екен дейтінмін. Себебі ол кісілер маған ән жазып берді, киноға түсірді. Шығармашылықтан емес, кәсіптен көп ақша таптым. Шығармашылықтан бір ай миллион аларсың, бірақ 2 ай жұмыссыз жатасың", – деп ағынан жарылды өнер иесі.




Көрілген: 807    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.12.2021, 07:58

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31