Жұлдызды жаңалықтар

"Жасын сыйлайық": Мәдина Сәдуақасова Роза Рымбаеваны жақтап сөйледі

  • "Жасын сыйлайық": Мәдина Сәдуақасова Роза Рымбаеваны жақтап сөйледі

Роза Рымбаеваның Иманбекке қатысты айтқан пікірі ел арасында үлкен дау тудырды. Бірнеше күннен бері халық әлеуметтік желіде Халық әртісінің сөзін талқыға салып, сынға алуда. Ұлы Әлидің айтуынша, анасын қарғап-сілеп, өлім тілеген жандар да табылған. Бұл ретте әншінің өнердегі әріптестері де үнсіз қалмады. Мәдина Сәдуақасова Роза Қуанышқызын қолдап, жақтап сөйледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қап-ай, ыңғайсыз болды-ау! Әрине, Иманбектің ремикстарын күллі әлем тыңдап, тамсанып, әлемдік деңгейдегі сарапшылар небәрі 20 жасар қазақ баласының шығармасына Grammy-ді беріп, қателеспем Орта Азиядан Grammy ұтып алған алғашқы музыкант біздің Иманбек, көрші Ресей елінің халқы біздер үшін қуанып, құттықтап жатты… Сөзсіз Иманбек бағы жанған, өте талантты, білімді, қарапайым біздің мақтанышымыз!

Бірақ еліміздің Халық әртісін, 40 жылдан астам өнерде еңбек етіп жүрген Роза Қуанышқызына соншама ауыр сөздер жазып, жерден алып, жерге салып жатқанын көру өте ауыр, бұл ол кісінің жеке ойы, жасын сыйлайық, құрметпен қарайық, достар!" - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

 
Еске салсақ, бұған дейін халық әртісі Роза Рымбаева Иманбектің "Grammy" байқауындағы жеңісін қарапайым сәттілік деп атаған еді. 

Бұған дейін, Әли Оқапов та болған жайтқа қатысты өз ойын білдірді. Ол анасымен келіспейтінін, алайда оның да өз пікірі бар екенін жеткізді. Оқапов отбасының атынан Иманбектің тыңдармандарынан кешірім сұрады.




Көрілген: 2945    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.07.2021, 11:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30