Жұлдызды жаңалықтар

«Жат нәрсе»: әнші Төреғали болашақ баласының жынысын анықтады (ВИДЕО)

  • «Жат нәрсе»: әнші Төреғали болашақ баласының жынысын анықтады (ВИДЕО)

    «Жат нәрсе»: әнші Төреғали болашақ баласының жынысын анықтады (ВИДЕО)

Қазақ эстрадасының жұлдызы Төреғали Төреәлі мен оның әйелі бесінші баласын күтуде. Жұлдызды әулет бұл жаңалықты көпшіліктен жасыруды қойған. Олар өз қуанышымен халықпен бөлісіп, тіпті болашақ сәбиінің жынысын анықтау үшін арнайы "гендер-пати" ұйымдастырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Үш қыз бен бір ұл тәрбиелеп отырған Төреғали мен Толқын жақында тағы да балалы болады. Ерлі-зайыптылар бесінші сәбиін күтіп жүр. Олар бұл перзентінің жынысын анықтау үшін өз ұйлерінде арнайы жиын ұйымдастырған. Жұлдызды жанұя соңғы кезде қоғамда кеңінен таралған "гендер-пати" өткізді.

Атаулы шараны ұйымдастырумен Төреғали Төреәлінің кіші қарындасы Дина Әлихан айналысқан.

Бойжеткен ерекше кеш үшін аса қажет баннер, шарлар мен ойыншықтарға тапсырыс беріп, жақындарына естен кетпес әсер сыйлады. Ол тіпті сүйікті жеңгесінің "гендер-патиға" киіп шығатын образын да өзі таңдап берген.

Болашақ ана 18 жастағы қайын сіңлісіне алғыс айтып, оның еңбегін жоғары бағалаған. Айта кету керек, Толқын Тұрарбекқызы Instagram желісіне жақында ғана тіркелген болатын.

Бұған дейін жеке парақшасын ашуға оған жұлдызды жолдасы рұқсат бермеген екен.

Алайда, танымал жанұя "гендер-пати" өткізгенімен алдағы уақытта дүние есігін ашатын баланың жынысын көпшілікке айтпай қойды. Олар бұл сұрақтың жауабын әзірге құпия ұстауда. Ерекше кеш күні түсірілген видеолар бірден желідегілер арасында қызу талқыға түсті.

Олар көпбалалы отбасыда бұл жолы кім туылатынына қатысты өз болжамдарымен бөлісті. Оған қоса, жұлдызды әулеттің мұндай шараны ұйымдастырғаны үшін сынға алғандар да болды. Олар "гендер-патиді" қазақ дәстүрлеріне жат нәрсе деп жазуда. 
 https://www.instagram.com/toregalitoreali/?utm_source=ig_embed




Көрілген: 1710    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.03.2021, 17:26

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31