Жұлдызды жаңалықтар

Жай асxанадан іше алмайды: Гүлзира Айдарбекова Қайраттың 200 мың теңгеге түстенетіні туралы сұраққа жауап берді

  • Жай асxанадан іше алмайды: Гүлзира Айдарбекова Қайраттың 200 мың теңгеге түстенетіні туралы сұраққа жауап берді

    Жай асxанадан іше алмайды: Гүлзира Айдарбекова Қайраттың 200 мың теңгеге түстенетіні туралы сұраққа жауап берді

Продюсер Гүлзира Айдарбекова Қайраттың табысы мен ақшасын қайда жұмсайтыны туралы сұрақтың астына алып, сұхбатын өзгертіп беретін тілшілерге өкпелі. Ол ұлының табысы туралы сұхбатынан кейін, желі қолданушыларының өзінен Қайраттың 180-200 мың теңгеге түскі ас ішетіні қаншалықты рас екенін сұрап жатқанын айтады. Қашан көзсіз соқыр болмай, біріккен ел боламыз, деп ренжиді Гүлзира ханым, деп жазады Stan.kz.


 Гүлзира Айдарбекова


«Менің парақшама: «Әпке, Қайраттың 180-200 мыңға түскі ас ішетіні қаншалықты шындық?» - деп сұрақ қойылып жатқанына қарағанда, азғырушылар жұртты екі ойлы етіп тастаған сияқты. Тойға барғанымда журналистер бір емес, бірнешеуі өтініш жасап, сұрақты жаудырды. Біреуінің сұрағы: «Қайраттың табысы қанша және 30 пайызын өзі алатыны рас па?». Білгендей айтып өттім, сендерге сұxбат бергім келмейді, жартысын кесіп тастап кінәлі етіп бірақ шығарасындар деп. Сол сөзді естіген соң, мұншалықты іс жасамас деген ой болып, көкірек кермей, сұрақтарына жауап бердім».


Сөзін осылай бастаған Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың табысының 70 пайызын өзі алып отырғанын жасырмайды. Алайда бұл ақшаны өз қалтасына басып отырмағанын, керісінше, ұлының өнері, жұмыскерлердің айлығы, табыс салығына жұмсап отырғанын айтады. 


«Мен 70% ақшасын алғаныммен, әні бар, клип, кино дейміз, киім, қаншама жұмыскерлердің айлығы, табысының салығы бар, табысына қарап қайырымдылық пайызы тағы бар, үйден бастап қаншама керек-жарағын өздеріне үнемдеп отырғаным болмаса», - деп жазды Гүлзира ханым Instagram желісінде.


Өз сөзінде продюсер Қайраттың күнделікті 200 мың теңгеге түскі ас ішпейтінін атап өтті. Сондай-ақ, әр адам өз табысына қарай өмір сүреді деген ол ұлының қайырымдылыққа да біраз ақша жұмсайтынын жасырмады. Тіпті, әнші көше сыпырып жүрген жұмысшыларды көргенде, 10-20 мың теңге ұстаптып кететін көрінеді.


«Ал 30%-ын өзі алса, Қайраттың да берері бар адамдары көп. Танымал болғандықтан, тамағының өзін жай асxанадан іше алмайды. Мейрамxаналар қымбат білесіздер, кей кездері балалармен түскі астың өзіне 180-200 мың тенге кетіп қалуы мүмкін дегенмін. Мен күнде түскі ас ішуіне бір өзіне 200 мың теңге кетеді дегенім жоқ. Әр адам өзінің табысына қарай өмір сүретіні анық. Мысалға, көшеде біреу қайыр сұрап отырса, 100-200 теңге беруіңіз мүмкін табысыңызға қарай. Мен баламнан байқайтыным, біреу көше сыпырып жүрсе де кідіріп, 10 000-20 000 теңге ұстатып кетеді. Екі жүз теңгеге балаларына түк алып бара алмайды ғой, берген соң дұрыстап берейікші деген сөзін есітіп, жүрегім жылып қалады. Қаншама адам айлық алып, бала-шағасымен қосып ата-анасын бағып отырғандары да оны қуантады. Неге сол ақшасына біреуге үй әпермейді дейтіндер тола, оның не беріп жатқаны бір Аллаға аян, сол себепті ғайбаттап сөйлеу артық», - дейді Айдарбекова.


Сонымен қатар ол сұхбатын өзгертіп, басқаша түрлендіріп беретін тілшілерге ренішін жеткізді. Айтуынша, таяуда ғана 30-ға толған ұлының туған күнін дүркіретіп атап өткенін де сынаушылар табылған. Қайратқа тиіскені аздай, бізді сығалай бастады, дейді ол.


«Неге ол жеп-ішпеу керек? Ұрлық жасап, адам өлтіріп бір отбасыны зар жылатып тауып жатқан жоқ қой. 30-ға толды деп туған күн жасағаны біраз адамның өзегін өртесе керек, Қайратқа тиіскені аздай, бізді сығалай бастады. Елді шулатып, оқырман жинап алу үшін, сөзіңді кесіп тастап, айқайлатып тұрып атыңды шулы етіп, тақырып қойып қоятынын қайтерсің. Өздеріңіз көкке көтерген Қайратты бір-ақ сәтте азғырушыларға еріп даттай салатындарыңыз жүрегімізге найза болып қадалады. Қашан көзсіз соқыр болмай, біріккен ел боламыз?» - дейді Қайрат Нұртастың анасы.


 

 




Көрілген: 2459    Пікірлер: 0

сенбі, 02.03.2019, 18:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31