Жұлдызды жаңалықтар

Жазира Байырбекова қызының тұсауын кестірді

  • Жазира Байырбекова қызының тұсауын кестірді

    Жазира Байырбекова қызының тұсауын кестірді

Жазира Байырбекова Дара қызының тұсауын кестірді, деп хабарлайды Stan.kz.

"Тәй-тәй, балапаным қаз-қаз" деп қаншама баланың тұсауын кескен Жазира Байырбекова ата дәстүрді өз қызына арнап ұйымдастырды. 

Ол кішкентайының тұсауын өзінің сіңлісі, журналист Назира Байырбекке кестірді. 

 
"Табиғат аясында, Даратайымыздың тұсауын нағашы әпкесі Назира Байырбек кесті. Алыс жақындағы туыстарды қазіргі уақытта әуреге салмайық деп оңашада кестік. Алла қаласа тілашары бар, ұзататын уақыт келеді. Ең бастысы отбасымыз, халқымыз аман болсын! Кіндік шешесі @symbataruzhan да, тұсауын кескен @nazira_bairbek те кішіпейіл, адал, мейірімді, жандары мөп-мөлдір тап-таза, парасаты мен ішкі мәдениеті жоғары жандар! Байлыққа, атақ-даңққа, мансапқа емес, жан дүниесінің тазалығына қарап таңдағанымыз жанымызға тыныштық сыйлайды. Біздің отбасымызға жаудырып жатқан тілек ниеттеріңіз өздеріңіздің отбасыңызда да болсын! Барлық аналардың бақытты ғұмырын Даратайыма нәсіп етсінші", - деп қуанышымен бөлісті Жазира Instagram-дағы парақшасында. 

Ал Назира Байырбек өзіне сенім артқан әпке-жездесіне алғысын жеткізді. 

"Жездем екеуіңіз кішкентай балапандарыңыздың тұсауын маған кестіруге ниет еткендеріңіз мен үшін үлкен мәртебе. Сенімдеріңіз, ықылас-пейілдеріңіз үшін көп рахмет! Алла перзенттеріңізді адал, абыройлы, бақытты етіп, оларға ұзақ өмір нәсіп етсін", - деді ол.




Көрілген: 2664    Пікірлер: 0

жұма, 16.07.2021, 10:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31