Жұлдызды жаңалықтар

Жазира Байырбекованың 100-ге келген әжесі қайтыс болды

  • Жазира Байырбекованың 100-ге келген әжесі қайтыс болды

    Жазира Байырбекованың 100-ге келген әжесі қайтыс болды

Жазира Байырбекованың ғасыр жасаған әжесі көз жұмды. Отбасындағы қайғылы оқиға жайлы әнші желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Байырбекованың әжесі 9 қаңтар күні қайтыс болған. Қарт ана биыл 100 жасқа толар еді. Ол 1922 жылдың қарашасында дүниеге келген. 

Байырбекова әжесінің үш жыл бұрынғы видеосын жариялады. Онда қарияның жас кезінде көп қиындық көргенін, соған қарамастан 17 жыл оқығанын айтады. 

"Халқым аман болсын. Қазір рахат өмір ғой. Осы күнге жеткеніме төбем көкке екі елі жетпейді ғой. Өмір бақи мұндай өмірді көргенім жоқ", – деген еді марқұм.

Жыл басы актер Нұрболхан Шараповтың отбасы үшін де ауыр қазамен басталды. 3 қаңтар күні Нұрболханның әкесі ауыр дерттен қайтыс болды. 

"9 ай күрескен ауруың ақыры сенi жеңдi. Разымын, әке, өзiңе! Рахмет барлығы үшiн. Жаман аурудан құтқарып қала алмағаным үшiн КЕШİР! Қолымыздан келгеннiң бәрiн жасадық. Кетер алды қасыңда 4 күн болып, құлағыма сыбырлап қалдырған өсиет, ақыл-кеңестерiң, армандарың, берген тапсырмаларың жадымда. Алла қаласа, қуат берсе, бұлжытпай орындауға уәде беремiн! Жаным әке, осы ауруың арқылы бүкiл күнәларыңды кешiрiп, жаныңды Жәннатта шалқытсын Аллам! Жақсы көрем сенi! Жүрегiмдесiң!" – деп жазба қалдырды актер желіде.




Көрілген: 458    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.01.2022, 14:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31