Жұлдызды жаңалықтар

Желіде ерсі қылығымен танылған блогер коронавирус жұқтырды (видео)

  • Желіде ерсі қылығымен танылған блогер коронавирус жұқтырды (видео)

    Желіде ерсі қылығымен танылған блогер коронавирус жұқтырды (видео)

АҚШ-тан шыққан Larz есімімен танылған блогер коронавирус жұқтырды. Ол бұған дейін қоғамдық дәретхана отырғышын жалап жатқан сәтін видеоға түсіріп, желіге салған болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Тик ток жұлдызы

Фото: Видеодан кадр

Қазіргі таңда видеоролик блогердің әлеуметтік желідегі парақшасынан жойылды.

Желіде осындай роликтер топтамасы COVID-19 туралы жаңалықтарға орай пайда болды, оларды "коронавирустық челлендж" деп аталып кетті.

Осыған ұқсас видеоны TikTok желісіне алғаш Ава Луиза есімді блогер жариялады. Бойжеткен ұшақтағы унитаз жалаған сәтін видеоға түсіріп, кейінірек бұл роликті желіден алып тастады.

Ол видео түсірер алдында унитазды мұқият дезинфекциялағанын мойындаған.

Соңғы мәліметтер бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 120 адамға жетті.

Күні кеше коронавирустан айыққан екі қазақстандық ауруханадан шықты. Сондай-ақ, 26 наурызда елімізде COVID-19 инфекциясынан болған алғашқы адам өлімі тіркелді.

 
 

Коронавирустан көз жұмғандар Италияда көп тіркелген. Осыған дейін туристердің сүйікті елінде 8 мыңнан аса адам қайтыс болды. Соңғы 24 сағатта 712 қайғылы жағдай тіркелді.

 

 




Көрілген: 1606    Пікірлер: 0

жұма, 27.03.2020, 09:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30