Желіде Төреғалидің асаба болып жүрген кезінен видео жарияланды (видео)

29 қазан 2019, 14:01

Ұлы дала баласы. Әнші Төреғали. Әнші асаба. Төреғали Төреәлі әншілігіне дейін асаба болған ба?

Желіде Төреғалидің асаба болып жүрген кезінен видео жарияланды. Видеоны қазақстандық журналист Ерғанат Көпжасар желідегі парақшасында жариялады.

"Бар болғаны бармақтай бақ, таудай талап керек адам болу үшін. Төреғалидың асаба болыр жүрген кезі", - деп жазды ол.

Видеодан байқасаңыз, әнші әзілдей отырып, асабалық міндетін атқарып тұр. Өлеңдете тілек айтушы қонақтарды ортаға шақырады.

Желі қолданушылары бұл тойдың Қазалыда өткенін жазып жатыр.

"Асаба болғанын білмеппін", "Ақындығы бар, жақсы асаба шығады", "Төреғалиг бәрі жарасады", "Бұл Қазалыда өткен той", - деп жазады желідегілер.