Жұлдызды жаңалықтар

Жетім-жесірге көмектесті, түрмеде отырып ауруға шалдықты: Тәуекел Мүслімнің әкесі кім болған

  • Жетім-жесірге көмектесті, түрмеде отырып ауруға шалдықты: Тәуекел Мүслімнің әкесі кім болған

    Жетім-жесірге көмектесті, түрмеде отырып ауруға шалдықты: Тәуекел Мүслімнің әкесі кім болған

Тәуекел Мүслімнің әкесі Сабыр Мүслімұлы Оңтүстік Қазақстан өңірінің тумасы. Жастайынан мұқтаждарға, жетім-жесірге қара халыққа көп көмек созған. Маңайына жастарды жинап, еңбек етуге, қылмысты жойып, жұмыссыздықпен күресуге біріктірген. 

Есімін жасырған режиссердің айтуынша, Сабыр Мүсілім 90-жылдағы қиын-қыстау кезеңдерде көптің қасынан табылды. Оларға демеу болды, деп жазады "Жұлдыздар отбасы" журналы.

 

"Шымкент өңірінде кәрістер пияз ететін. Аш отырған халық пиязды ұрлай бастады. Кәсіпкерлер өнімін сата алмай тығырыққа тірелді. Сол кезде Сабыр Мүсілім жиын жасады. Кәсіпкерлердің басын қосып, бірлесіп жұмыс істуді ұсынды. Жігіттердің қарауыл етіп, ұры-қарының жолын кесті. Сол жылы 3 камаз пияз алды. Кәсіпкерлер бір Камазын, қарауыл жігіттер 1 Камазын алды. 1 Камаз пиязды жетім-жесірге таратып берді", - деді режиссер.

Журналист Қазыбе Иса Сабыр Мүсілімнің қара өңді, келісті жігіт болғанын айтты. 

"Шашы бұйра, қою қара, екі иығына екі кісі мінгендей денелі еді. Сол кездегі сәнге айналған қара плащ кигенде одан әрі зорайтып көрсететін", - дейді Қазыбек Иса. 

Қазақ актері Тәуекел Мүсілім Сабыр Мүсілімнің тұңғыш баласы. Ұлының есімін Тәуекел деп әкесі қойған.

"Мен өзімді әкеме ұқсаймын деп айта алмаймын. Ата-анам менің бала кезімде ажырасып кетті. Анам әкеммен араласуға қарсы болған жоқ. Мен 9-сынып оқып жүргенімде әкемнің қасында үш ай болдым. Әкем көркем сөйлейтін, тілге шешен. Өнерді, поэзияны жаны сүйді. Маған үнемі жақсы оқы дейтін. Менің кей жерде тосылып, айтар ойымды жеткізе алмай қалатын жасық мінезім бар. Әкеме ұқсаймын деп айта алмаймын. Мүмкін әке тәрбиесін көріп өскенде басқаша болар ма едім. Менің көргенде Сабырды ұлы, тектінің көзі деп жатады. Әкемнің ұлы деген атқа лайық болсам деймін", - деді актер. 

Сабыр Мүсілімнің әрекеті заңға қайшы болды. Полициямен тіл таыса алмады. 9 бап бойынша, айыпталғанымен ешбірі дәлелденбеген. Алайда көлігінн қолдан жасалған пышақ табылып, суық қару сақтады деп түрмеге жабылды. Темір торда ауруға шалдығып, бостандыққа шыққан соң Алматыда көз жұмды. 

Тәуекел Мүсілім әкесін еске алып, елін сүйген жақсы азаматтар көп болсын деп тілек білдірді. 

"Елін, жерін сүйетін ұлтжанды азаматтар көп болсын! Әр отбасы ол жеке мемлекет. Сол себептен ұл-қыздарымызға дұрыс тәрбие берейік. Сонда ғана ұлт оңалады", - деп жазды актер парақшасында. 

 
 

 




Көрілген: 1286    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.07.2020, 11:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31